Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қызыл-қи цемент зауыты құрылысы бойынша жобаны қаржыландырудың кепілгері болады

24.08.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 23 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ атқарушы директоры Ербол Шаймаханов пен «Оңтүстік-Қырғыз Цементі» ЖАҚ бас директоры Ян Фишер ТұранӘлем Банкінің Қырғыз Республикасының Қызыл-Қи қаласындағы Қызыл-Қи цемент зауытының құрылысы бойынша жобаны қаржыландырудың кепілгері болатыны жөнінде келісімге қол қойды.

Бұл кепілдік «Оңтүстік-Қырғыз Цементі» ЖАҚ-ына Қытайдың Эксимбанкі берген 70 млн. доллар көлеміндегі несие бойынша ұсынылады.

Қызыл-Қи цемент зауытының құрылысы ҚХР Үкіметінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысатын елдерге арналған жеңілдетілген несиесі аясында мақұлданған бірінші қырғыз жобасы болып табылады.

Қол қою рәсімі кезінде тараптар бұл келісімді жасау Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі болып табылатынын атап өтті.

Өндірісті жылына 2 млн. тоннаға дейін арттырумен цемент зауытының бастапқы қуаты жылына 930 мың тоннаға дейінгі цементті құрайды. Жоба Қырғызстан экономикасы үшін маңызды жоба ретінде танылды, өйткені ол Қырғызстанның оңтүстігінің цементке сұранысын толығымен қамтамасыз етуге (зауыт өнімінің 60 пайызға дейін құрайды) және өнімдерді Орта Азия елдеріне экспорттауға (40%) мүмкіндік береді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің 30.06.2007 жылы топтастырылған активтері 23 966 млн. $ (31.12.2006 ж. - $16 340 млн.), ал меншікті капиталы 2 379 млн. $( 31.12.2006 жылы - $1 532 млн.) болды.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде, Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 249 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).