Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістер ТұранӘлем Банкінің жұмысына айтарлықтай әсер етпейді

24.08.2007 / Баспасөз орталығы

Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістерге байланысты ТұранӘлем Банкі өз серіктестеріне, клиенттері мен салымшыларына халықаралық қор нарығындағы жағдайлар Банктің жұмысына кері әсерін тигізбейтінін хабарлайды.

Банк өз портфелінде АҚШ-тың тәуекелдіктері жоғары ипотекалық облигацияларын ұстамағандықтан, бұл қағаздар нарығының төмендеуі Банктің жұмысына әсер етпейді.

Осы дағдарысты жағдайлардың жанама әсерлері Банктің жұмысы үшін қаржы тұрақсыздығы жағдайында бірінші кезекте дамушы нарықтардағы өз ұстанымдарын тоқтатын инвесторлардың кертартпалығынан болған сыртқы қарыз ресурстарының айтарлықтай қымбаттауына ықпал етті.

Сыртқы қорландырудың қымбаттауынан соң Банк несие өнімдерінің барлық желісі бойынша мөлшерлемені симметриялы түрде көтеруге мәжбүр болды. Бұл қымбаттау нарық жағдайларының құбылмалылығына байланысты болып отыр және оның банктің өтемпаздығымен еш қатысы жоқ. Біз қазіргі жағдайды уақытша шара ретінде қарастырамыз, нарық тұрақтанғаннан кейін және қорландыру бағасы төмендегеннен кейін мөлшерлемелер бұрынғы қалпына қайта түседі деп есептейміз.


Шетелдік инвесторлармен және отандық салымшылар алдындағы өз міндеттемелері бойынша толығымен және дер уақытында жауап беруге ТұранӘлем Банкінің ішкі резервтерінің көлемі жеткілікті.

Сыртқы қарыздарды қайта қаржыландыру Тәуекелдіктерін есебімен, Банкте әрқашан өтемпаздықтың белгілі бір қалдығы сақталады, ағымдағы сәтте ол банктің қосымша сыртқы нарыққа шықпай –ақ кем дегенде 2008 жылдың соңына дейін өтеу кестесін жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Өтемпаздықтың бұл сақталым қоры сыртқы төлемдер көлемін 2008 жылдың соңына дейін екі еседен де жоғары көтеруге мүмкіндік береді.

Біз несие өнімдері бойынша мөлшерлеменің жоғарылауы несие портфелінің өсу қарқынына әсер етеді деп ойлаймыз, алайда сонымен қатар ол кейін банктердің рейтингілерін тұрақтандыруға ықпал етуі мүмкін деп те есептейміз.

Жалпы экономикалық қолайлы жағдай мен Ұлттық банктің сөзсіз қолдауы әлемдік нарықтағы дағдарысты жағдайлардың Қазақстан экономикасының, сонымен қатар, заңды түрде бұрынғы кеңестік кеңістіктегі аса маңызды болып табылатын банк жүйесінің тұрақсыздануына септігін тигізбейтініне кепіл бола алады. Мұны халықаралық көшбасшы рейтингілік агенттіктері де растап отыр, олардың айтуынша, қазақстандық банк жүйесіндегі жағдайды басқаруға болады, ал банктердің негізгі көрсеткіштері аса қауіпті емес, сондықтан қазір рейтингілердің түсу мәселесі туындап отырған жоқ.

ТұранӘлем Банкі банктің барлық салымшылары мен серіктестері олардың ақшалары мен инвестицияларының мүлтіксіз сақталатынына әбден сенімді болып және болашаққа зор сеніммен қарауларына болатынын үлкен жауапкершілікпен хабарлайды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 30.06.2007 жылы банктің топтастырылған активтері 23 966 млн. $ (31.12.2006 ж. - $16 340 млн.), ал меншікті капиталы 2 379 млн. $( 31.12.2006 жылы - $1 532 млн.) болды.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 249 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).