Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан дарынды жастар Ержан Тәтішев Қоры гранттарының иегерлері атанды

03.09.2007

Бүгін Алматыда еліміздің жетекші ЖОО жолдама беретін Ержан Тәтішев қорының жеңімпаздарын білім гранттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Ержан Тәтішев Қорының Камкоршылар Кеңесі Ержан Тәтішев білім гранттары Жобасының жеңімпаздар тізімін бекітті. 100-ден астам үміткерлер арасынан, 6 дарынды, білімді, алғыр жас азаматтар білім гранттарын ұтып алды. Қазақстанның ең беделді ЖОО –да қаржы және экономика салалары бойынша степендианттардың 4 жыл ішіндегі бакалавр дәрежесін алуымен байланысты бар шығынын Қор көтереді.

Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарының Бағдарламсы 2007 жылдың соңында жарияланды. Бағдарлама аясында Қор тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан талапты азаматтарға сапалы білім алуға көмек береді. Жақсы білім алу - әркімнің қалтасы көтере бермейтін мәселе екені баршаға мәлім. Осы себептен аталмыш бағдарлама идеясы туды, оның мақсаты – оқу бағасының қымбаттығынан қиындық көріп жүрген қабілетті де, дарынды жас азаматтарды қолдау.

Бағдарлама мұраты – қаржы-экономика саласындағы көшбасшылық қабілеті және білімге талпыныс бар ерекше студенттерді табу, демеу, көмек көрсету. Ал бағдарламаның ақырғы мүддесі – либералды және демократиялық қоғам мен нарықтық механизмдерді нығайтуға, дамытуға ықпал ететін қаржы-экономикалық бағландар тобын құрастыру.

Білім гранттарын іріктеу және тағайындау бәйгесі лайықты үміткерлерді анықтау үшін бейтарап және әділ өтті. Байқау комиссиясы қатысушыларды бағдарламаның негізгі шарттары бойынша іріктеді, олардың қатарында талапкерлердің оқу үлгерімі мен көшбасшылық қасиеттері ерекше бағаланады.

Қор 2007 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзімде байқауға қатысуға ниеті бар мектеп және колледж бітірушілердің мәлімдемелерін қабылдады. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған бітірушілер жіне шетел азаматтарынан тұратын 100 үміткер қатысты.Байқаудың бірінші айналымының қорытындылары бойынша ұсынылған құжаттар аясында 23 талапкер іріктеліп алынды.

Іріктеу сындарының екінші кезегі Алматыда 2007 жылдың 5 – 6 шілдесінде өтті. Оның мақсаты – үміткерлердің жеке бас қасиеттері мен көшбасшылық мүмкіндіктерін анықтау болды. Екінші кезектің жеңімпаздарын анытау үшін сан алуан әдістер қолданылды – рөлдік ойындар, ситуациялық есептер, жеке және топтық тесттер, тапсырмалар, т.б. Аталмыш талаптар әр қатысушының психологиялық және көшбасшылық мүмкіншіліктерін толыққанды көрсете алатындықтан ұйымдастырылды.

Іріктеу сындарының екі туры бойынша Қордың Қамқршылар Кеңесі жеңімпаздардың тізімін бекітті. Ержан Тәтішев Қорының білім гранттарының иегерлері:

  • Амина Давлидова – ҚМЭБИ
  • Жәлел Ахметжанов – ҚБТУ
  • Нұрсултан Белходжаев – КИМЭП
  • Рашид Жүсіпов – UIB
  • Сабина Бутина – UIB
  • Эльмира Шакенова – ҚБТУ
«Ержан Тәтішев Қоры» 2005 жылдың 10 ақпанында Банк ТұранӘлем банкінің топ-менеджерлерінің бастамасымен тіркелді. Қор үкіметтік немесе коммерциялық ұйым емес. Қорды басқару стратигиялық мақсат пен міндеттерін айқындап отыратын Қамқоршылар Кеңесінің қолында.

Байланыс телефондары:
+7 727 266 34 95, факс: +7 727 266 34 94, e-mail: dzharikova@bta.kz
Жарикова Дана, Ержан Тәтішев Қорының Бағдарламалық Директоры