Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

“ТұранӘлем Банкі” АҚ акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

20.09.2007

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, “Самал-2” ы-а, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан “ТұранӘлем Банкі” Акционерлік қоғамы, Директорлар Кеңесінің 2007ж. 28 тамыздағы №8-2-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.

Дауыстарды есептеу күні болып 2007 жылғы 20 қараша белгіленді. “ТұранӘлем Банкі” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2007 жылғы 29 тамызына қарасты жасалған.

“ТұранӘлем Банкі” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

    1. “ТұранӘлем Банкі” АҚ атауын өзгерту.
    2. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту.

Акционерлердің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі материалдарымен акционерлер мына мекенжай бойынша таныса алады: Алматы қ., «Самал-2» ы-а, Жолдасбеков к-сі, 97, Белобородова Ольга (тел. 7-727-2664382), барлық мүдделі сұрақтар бойынша акционерлер мына мекенжайға шыға алады: Алматы қ., Қонаев к-сі, 66, каб.112, Андрей Степаненко (тел. 7-727-2665975), Болат Миятов (7-727-2665930).