Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА – «ТұранӘлем» банкінің жаңа аты

07.11.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ өзінің ребрендингі басталғанын хабарлайды.

Банк пен банк конгломератының жаңа бейнесінің қажеттілігі ТӘБ ТМД-дағы жетекші қаржы институты болып және халықаралық нарыққа шығу жаңа стратегиясын қабылдауынан туындады.

«ТӘБ конгломератының алдында тұрған жаңа міндеттер халықаралық, жан-жақты және сонымен бірге жылы шырайлы және инновациялы болатын жаңа брендті қажеттігін етті. Мен бұрынғы бренд сәтті болды деп есептеймін және де соның арқасында біз бүгінгі таңда нарықта зор беделге ие болдық. Егер «ТұранӘлем» бренді ол жүзеге асырғандай Қазақстандағы нарық үлесін иемдену үшін әзірленген болса, ал ТӘБ жаңа бренді халықаралық ауқымдағы нарық үлесін қамтуы тиіс», - деп мәлімдеді жаңа брендтің тұсаукесерінде «ТұранӘлем» банкінің басқарма төрағасы Роман Солодченко.

Осылайша банк конгломератына кіретін банктер мен компаниялар ВТА бірыңғай брендіне бірігетін болады. Банктің өзі БТА Банк деп аталмақ. Бұл ат оңай жатталады және айтуға жеңіл, қысқарылым жан-жақты болғанда анағұрлым тиімді. Сонымен қатар нарықта айтарлықтай әйгілі және беделді ТұранӘлем Банкімен сабақтастық сақталады.

БТА жаңа логотипі банктің қазіргі заманға сай болуы мен инновациялығын көрсетеді. Ашық жасыл түс – бұл адалдық, сәттілік оптимизм. Алқызыл түс – күштілік пен қуаттылық . Логотиптің формасы да жайдан-жай таңдап алынған жоқ. Дәйектілікпен орналасқан төртбұрыштар сенімділік пен тұрақтылықты бейнелейді. Олардың қиылысуы қазіргі заманғы банктің негізгі жұмыс сапасының бірі – ашықтықты білдіреді.

Брендті ресейлік LMH Consulting компаниясы өңдеді, бейнелік сәйкестігін (логотипімен) – ресейлік Direct Design компаниясы әзірледі.

БТА ребрендингі бірнеше кезеңдер бойынша өтеді. Бірінші өтпелі кезең ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады, бұл кезде біз бұрынғы брендтің жаңа брендке ауысқаны жайлы ақпаратпен қамтамасыз ететін боламыз. Ал жаңа жылда банктің өзінде, сондай-ақ оның еншілес компанияларында ренейминг пен ревизуализация жұмыстары басталады.

ТұранӘлем Банкі Банктегі ребрендингтің барысы туралы толық ақпаратты bta bank. kz. промо-сайтынан табуға болатынын зор қуанышпен хабарлайды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2007 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы алдын ала мәліметтер бойынша ТӘБ топтастырылған активтері жыл басынан бері 47,4% -ға 24 084 млн. АҚШ долларына, капиталы – 2,3 есеге 3 577 млн. АҚШ долларына дейін өсті. ТӘБ топтастырылған таза пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 492 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД-дағы үздік банк», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен 2006 және 2007 жылдардағы «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылдың әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) ТӘБ-іне еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.