Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі Хабарлама

12.11.2007

«ТұранӘлем Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 12.11.2007ж. Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2007 жылғы 13 желтоқсанда 10 сағат 30 минутта, ал акционерлерді тіркеудің басталуы 10.00 сағатта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу құқығын иеленген акционерлер тізімі 2007 жылғы 13 қарашада әзірленді.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. "ТұранӘлем Банкі" АҚ Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер жөнінде.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталанған жалпы жиналысы 2007 жылғы 14 желтоқсанда, 10 сағат 30 минутта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат. Акционерлерді тіркеудің басталуы – 10.00 сағат.

Акционерлер барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласа алады: Алматы қ., Қонаев көш., 66, 113 каб., тел.2 (727) 66 59 75.