Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ клиенттер санының артуына байланысты Алматыдан жаңа бөлімшелері ашылады

05.12.2007 / Баспасөз орталығы

5 желтоқсан күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматының іскерлік маңызды аудандарынан 4 жаңа бөлімшесін ашады. Олар - «Алатау» (Төле би көш., 50/54 Төлебаев көш. қиылысы, тел. 312 23 66), «Есентай» (Көктем–2 шағынауданы, 2 үй, тел. 295 49 77), «Шебер» (Абай даңғ., 127/99 А Жароков көш. қиылысы, тел. 312 23 17) және «Тараз» ( Ақсай-2 шағынауданы, 12 үй, тел. 256 77 96).

Жаңа бөлімшелер әлеуетті клиенттерді барынша көбірек қамтып және Алматыда бұрыннан қызмет ететін бөлімшелердің жұмысын жеңілдетуге байланысты ашылып отыр. Үстіміздегі жылдың он бір айы ішінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматыдағы клиенттерінің саны екі еседен асып түсті. Сонымен қатар жыл сайын бұл көрсеткіш орташа 60%-ды құрайды.

4 жаңа бөлімшелердің жалпы шаршы көлемі 4 мыңнан астам шаршы метрді құрап, заңды тұлғаларға қызмет көрсететін Алматыдағы банктің бұрынғы барлық 8 бөлімшесінің көлемінен асып түсті.

Осылайша «ТұранӘлем Банкі» АҚ оңтүстік астанадағы шағын және орта кәсіп өкілдеріне кешенді қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл қаржылық-консалтингілік қызметтердің толық спектрі, сапалы және кәсіби жоғары деңгейде қызмет көрсету, әрбір клиентке жеке қызмет көрсету, клиенттерге арналған барынша қолайлы жағдайлар, сонымен қоса кеңсенің заманауи интерьері мен ыңғайлы паркинг. Жаңа бөлімшелердің негізгі көлік жолы мен сауда нүктелеріне баратын жолда орналасуының да маңызы зор.

Сонымен бірге жаңа бөлімшелердің ашылу құрметіне «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматы филиалы 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2008 жылдың 28 ақпанына дейін заңды тұлғалар үшін тегін шот ашуды, сондай-ақ заңды тұлғалардың тағы да ашатын депозиттеріне пайыздық мөлшерлемені жылдық 1 пайызға дейін арттыруды ұсынады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ 4 жаңа бөлімшесі де бұрыннан қызмет етіп келе жатқан 8 бөлімшесі сияқты банктің Алматы филиалының «Демалыссыз жұмыс істейміз» жобасы аясында жұмыс істейтін болады. Өйткені «ТұранӘлем Банкі» АҚ шағын және орта кәсіпке қолдау көрсету мақсатында заңды тұлғаларға сенбі күндері де қызмет көрсететін Қазақстандағы бірегей банк.

«Алатау», «Есентай», «Тараз» және «Шебер» бөлімшелері ребрендинг басталғаннан кейін банктің Алматыда ашылған алғашқы бөлімшелері болмақ.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ —ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2007 жылғы 1 қазандағы жай-күйі жөніндегі алдын ала мәліметтер бойынша ТӘБ шоғырландырылған активтері жыл басынан бері 47,4% -ға 24 087 млн. АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3 614 млн. АҚШ долларына дейін артты. ТӘБ шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып 487 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 бөлімшелері) бар.

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының тағайындауы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен 2006 және 2007 жылдардағы «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) ТӘБ-іне еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.