Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Еуразиялық банкирлер клубының құрылуы туралы

13.12.2007 / ЕБК Баспасөз қызметі

Алматыда 12 желтоқсан, сәрсенбі күні Еуразиялық банкирлер клубының құрылтай (ЕБК) мәжілісі болып өтті. Бұл оқиға Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Ол туралы алғаш рет 2007 жылғы маусымның 10-ында Санкт – Петерборда өткен Экономикалық форум барысында жарияланып, ТМД елдеріндегі қаржылық және банк қоғамдастықтары тарапынан қызу қолдауға ие болған еді.

Алға қойылған міндеттерден бөлек жиынға қатысушылар ЕБК құрылтайшылық құжаттарын талқылап, қабылдады және 2008 жылға арналған Клуб жұмысының жоспарын белгіледі.

ЕБК толық қызметін қамтамасыз ету үшін басқарма органдары құрылды. Еуразиялық банкирлер клубының Президенті болып "Қазкоммерцбанктің" директорлар кеңесі төрағасының орынбасары, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаев сайланды. Клубтың құрылтайшылары «ТұранӘлем банкі», «Қазкоммерцбанк», "ЦентрКредит Банкі", "Альянс Банкі", Қазақстанның Қаржыгерлер Ассоциациясы, ресейлік банктер Ассоциациясы мен ТМД қаржылық-банк тобы болды.

Қамқоршылық кеңес құрамына «ТұранӘлем» банкінің басқарма төрағасы Роман Солодченко, "Альянс Банктің"директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев, Қазақстан экономикасын зерттеу және мониторингі бойынша орталықтың директоры Арыстан Есентүгелов, Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Медет Сартбаев, сондай-ақ РФ Орталық банкі төрағасының орынбасары Константин Корищенко мен ресейлік банктер Ассоциациясының төрағасы Гарегин Тосунян енгізілді.

Клубтың штаб-пәтері Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасатын болып шешім қабылданды.

Еуразиялық банкирлер клубының құрылтайшылары ТМД кеңістігіндегі экономикалық қызмет субъектілері арасындағы тікелей байланыстарды жақсарту өзара тиімді ынтымақтастыққа кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюдағы, басқа да мәселелерді шешудегі тиімді жолдардың бірі болатынына келісімдерін білдірді. Осы орайда жиынға қатысушылар өздерінің басты міндеттері ретінде ТМД-дағы интеграциялық үдерістерге көрсететін көмектерін айқындады. Бұл ретте банк секторының Достастық елдеріндегі қаржы жүйесінің анағұрлым дамыған элемент екенін ескере келе, бірінші кезекте банкирлер клубын құрып, алдағы уақытта оның аясын қаржыгерлер клубына дейін кеңейтетін болып келісті.

Жиынға қатысушылардың ортақ пікірінше, клуб формасының өзі аса маңызды мәселелер бойынша бейресми диалог өткізуге, жұмыс барысының жекелеген елдердегі, сонымен қатар бүкіл Достастық елдерінің ауқымында қазіргі және алдағы жағдайын талдауға, осы негізде кешенді зерттеулер, ұсыныстар, Клуб жұмысына практикалық мінездеме беретін басқа да құжаттар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Күш біріктіру арқылы ЕБК мүшелері мемлекеттердің басшылары алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға: дәлірек айтқанда, Достастықтың қаржылық және банктік құрылымдары арасындағы интеграциялық үдерістерді жеделдетуге; мемлекеттік органдар мен интеграциялық құрылымдардың тиісті шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуға, сонымен қатар қаржылық заңнаманы үндестіру мақсатында валюталық-қаржылық қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік туғызбақ.

Еуразиялық банкирлер клубының мүдделерін жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ мемлекетаралық деңгейде оның тұсауын кесу мақсатында ТМД мемлекттерінің басшыларына, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің Төрағасына және ЕурАзЭҚ-тің Бас хатшысына ЕБК құрылғаны туралы ұжымдық жолдаухат жіберу жөнінде шешім қабылданды.