Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ исламдық мәмілесі «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды

09.01.2008 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Вакала бойынша 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы исламдық мәмілесі беделді Islamic Finance News қаржы басылымының болжамымен «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды.

Бұл мәміле жарияланған 250 млн. АҚШ доллары сомасынан 100 млн. АҚШ долларына артық сомаға қайта өзгертіліп, 2007 жылғы 10 шілдеде «ТұранӘлем Банкі» АҚ-мен сәтті аяқталды. Жетекші ұйымдастырушылар Abu Dhabi Islamic Bank PJSC, Barclays Capital және CIMB Bank Limited болды.

Несие 2 жыл мерзімге тартылды, маржа жылдық 0,5%-ды құрады. Осы қаржыны тарту арқылы БТА инвесторлық базасын барынша кеңейтіп және әртараптандырып үлгерді, атап айтқанда, Таяу Шығыс пен Малайзия инвесторларымен бұрынғы қарым-қатынастарын нығайтты, сондай-ақ жаңа қарым-қатынастар орнатты.

Қазақстандағы қаржы институттары үшін Ислам қағидалары бойынша тартылған ең ірі сомадағы Вакала мәмілесі «2007 жылдың үздік мәмілесі» марапатын тағайындаудың негізгі көрсеткіші болды. Сондай-ақ, бұл Таяу Шығыс аймағынан тыс жерлердегі қаржы институты үшін ең ірі синдикатталған несие болды.

Сонымен қоса, Вакала мәмілесі бойынша инвесторларға ұсынылатын маржа Таяу Шығыс аймағынан тыс жерлердегі орташа мерзімді Ислам несиесі үшін жаңа ең төменгі баға шегін белгіледі, ал қаржылардың өзі Шариғат заңдарына сәйкес тартылып қана қоймай, ислам қағидалары бойынша БТА клиенттері арасында орналастырылды.

Мәмілеге 14 қаржы институты қатысты, олардың ішінде 4-еуі Қазақстан үшін жаңа инвесторлар болып табылады. «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» мәртебесі БТА-ның Қазақстан нарығындағы және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі Исламдық қаржыландыру бойынша көшбасшы және пионер ретіндегі статусын тағы да нығайта түседі. Марапаттау салтанаты 26 ақпанда Шангри-Ла қаласында және 6 наурызда Куала-Лумпурде (Малайзия) өтеді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ —ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі аралықтағы ҚЕХС (Қаржы есептемесінің халықаралық стандарттары) бойынша аудиттелген есептемеге сәйкес БТА шоғырландырылған активтері 47 % -ға 24,1 млрд АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына дейін артты. БТА шоғырландырылған таза пайдасы 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 480 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 бөлімшелері) бар.

ТұранӘлем банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының таңдауы бойынша 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


Islamic Finance News 2004 жылдан жарыққа шыға бастады және әлемдегі исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша жетекші іскерлік басылымы болып табылады. Аудиториясы - 19 мың адам, олардың арасында қаржы нарығының өкілдері бар. Басылымның штаб-пәтері Куала-Лумпур (Малайзия) қаласында орналасқан.