Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ DEG-дан 82 миллион АҚШ доллары сомасына қарыз тартты

11.01.2008 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ DEG (Deutsche Investitions Und Entwicklungsgesellschaft MBH, Германия) халықаралық ұйымымен 82 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз тарту бойынша келісімге қол қойды.

Тартылған қаржыны Банк шағын және орта бизнес саласындағы жобаларды қаржыландыруға, сондай-ақ бөлшек сауда несиелерін, студенттік және ипотекалық қарыздар беруге жұмсамақ.

Қарыз екі кезеңде беріледі.

ШОБ-ты қаржыландыруға, бөлшек сауда және студенттік қарыздарға арналған А траншы 41 млн. АҚШ долларын құрайды және 5 жылға беріледі.

Осындай сома Б траншы шеңберінде 10 жыл мерзімге беріледі. Бұл қаржыны Банк ипотеканы қаржыландыруға жұмсамақ.

Осы несиені Банк шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын несиелендіру, сондай-ақ бөлшек сауда бизнесін дамыту стратегиясы аясында тартты. Бұл бүгінгі таңда БТА үшін корпоративті сектор қатарындағы басымдық бағыттардың бірі болып табылады. 2007 жылғы 1 қазандағы жай-күйі бойынша банктің несие қоржынындағы ШОБ-ті несиелендіру үлесі 11%-ды, бөлшек сауда бизнесі - 23,5%-ды құрады. Студенттік несиелер беру бағдарламасы бойынша БТА Қазақстанның коммерциялық банктері арасында көшбасшы болып табылады. Нарықтың бұл сегменттегі банк үлесі 52,3%-ды құрайды.

«DEG/KfW –мен жасалған мәміле қаржы нарығындағы түзетулерге қарамастан халықаралық инвесторлардың Қазақстанға, соның ішінде БТА-ға ынталы екенін және сенім артатынын тағы да көрсетеді», - деп атап өтті «ТұранӘлем Банкі» АҚ халықаралық қатынастар және сауданы қаржыландыру басқармасының бастығы Тимур Сабырбаев.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ — ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі аралықтағы ҚЕХС (Қаржы есептемесінің халықаралық стандарттары) бойынша аудиттелген есептемеге сәйкес БТА шоғырландырылған активтері 47 % -ға 24,1 млрд АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына дейін артты. БТА шоғырландырылған таза пайдасы 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 480 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 бөлімшелері) бар.

ТұранӘлем банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының таңдауы бойынша 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


DEG KfW банк тобының мүшесі және ұзақ мерзімді жобалар үшін ең ірі еуропалық қаржы институттарының бірі болып табылады. 40 жылдан астам уақыттан бері DEG дамушы елдерде жеке меншік компанияларға инвестициялар қаржыландырып және құрылымдайды. DEG 1200-ден астам компаниялармен жұмыс істейді. Қаржыландырудың жалпы сомасы 41 млрд. еуродан асады.