Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Росэксимбанк» ЖАҚ-ымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасады

11.01.2008 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Ресейдің өнеркәсіптік өнімдерінің Қазақстан Республикасына, сондай-ақ ТМД елдерін қоса басқа да үшінші елдерге жеткізілуін қаржыландырып және кепілдік беруді ұйымдастыру үшін «Росэксимбанк» ЖАҚ-мен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Осы келісім аясында ТұранӘлем банкіне ресейлік экспорттар жеткізетін өнімдер үшін есептесуге мақсатты несиелер ұсынылатын болады.

Сонымен қатар, бұл ынтымақтастық Қазақстанда және басқа да елдерде ресейлік өнеркәсіптік өнім экспортшы компанияларының қатысуымен жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыруға, сауданы қаржыландыру бойынша құжаттамалық операцияларды жүзеге асыруға, екі мемлекеттегі банктер мен компанияларда жобалар, мәмілелер жөнінде ақпарат алмасуға мүмкіндік туғызатын болады.

Тараптардың айтуынша, БТА мен «Росэксимбанк» арасындағы келісім Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тауар айналымының артуына оң ықпалын тигізбек.

«Осы келісімге қол қойылғаннан кейін қазақстандық компаниялардың мемлекеттік Росэксимбанктің қатысуымен ресейлік серіктестермен саудалық өзара шарттағы жаңа қаржы көздеріне жол ашылады», - деп атап өтті «ТұранӘлем Банкі» АҚ халықаралық қатынастар және сауданы қаржыландыру басқармасының бастығы Тимур Сабырбаев.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ —ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі аралықтағы ҚЕХС (Қаржы есептемесінің халықаралық стандарттары) бойынша аудиттелген есептемеге сәйкес БТА шоғырландырылған активтері 47 % -ға 24,1 млрд АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына дейін артты. БТА шоғырландырылған таза пайдасы 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 480 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 бөлімшелері) бар.

ТұранӘлем банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының таңдауы бойынша 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


«Росэксимбанк» ЖАҚ мемлекеттік мамандандырылған банк болып табылады және Ресейлік өнеркәсіптік өнімдердің экспортын мемлекеттік қаржылық (кепілдік) қолдау бойынша Ресей Федерациясы Үкіметінің агент банкі мәртебесіне ие. Росэксимбанк экспортқа бағдарланған және импорттың орнын басатын өндірістердің ресейлік экспортын қаржыландыруды, несиелендіруді және кепілдік беруді жүзеге асырады.