Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Ури банк өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

17.01.2008 / Баспасөз орталығы

2008 жылғы 16 қаңтар күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Ури Банк инвестициялық тобының Басшысы (Woori bank, Корея Республикасы) Ко Кьёнг Су өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес тараптар құрылыс саласында, капиталмен жасалатын операцияларда, сондай-ақ табиғи ресурстарды әзірлеуде стратегиялық қатынастар орнатуды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, БТА мен Ури Банк бір-бірін қазақстандық немесе кореялық компаниялар - құрылыс салушы немесе бас мердігерлер жүзеге асыратын жобаларды қаржыландыруға тартуға келісім жасады. Сонымен қатар, тараптар банктік операцияларды жүзеге асыру үшін ықылас танытқан компанияларға бір-бірін ұсынатын болады.

Сондай-ақ, тараптар өз елдерінің жылжымайтын мүлік нарығы мен құрылыс нарығы туралы мерзімді ақпарат алмасу жөнінде келісім жасады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ — ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі аралықтағы ҚЕХС (Қаржы есептемесінің халықаралық стандарттары) бойынша аудиттелген есептемеге сәйкес БТА шоғырландырылған активтері 47 % -ға 24,1 млрд АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына дейін артты. БТА шоғырландырылған таза пайдасы 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 480 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшелері) бар.

ТұранӘлем банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының таңдауы бойынша 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


Штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан Ури Банк Кореядағы ірі банктердің бірі болып табылады. Қазір Қазақстанмен құрылыс саласында, атап айтқанда, Woolim мен Highvill сияқты компаниялармен белсенді ынтымақтастық жасай бастады.