Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі 2007 жылы Қазақстандағы және ТМД мен алыс шет елдердегі қаржы нарығындағы өз позициясын нығайта түсті

13.02.2008 / Баспасөз орталығы

2007 жылы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) өз қызметіндегі барлық бағыттарды дамытуда табысқа қол жеткізді және республикамыздағы, алыс-жақын шет елдердегі және әлемдік қаржы нарығындағы өз позициясын әрі қарай нығайта түсті.

ТМД кеңістігіндегі ірі жеке меншік банкке айналудағы өзінің стратегиясын жүзеге асыра отырып, ТӘБ өнімдер желісін арттырып және клиенттерге қызмет көрсетуде озық технологияларды енгізіп келеді.

Бәсекелестік күшейген жағдайда, сондай-ақ халықаралық рыноктардағы жағдаяттардың нашарлауына қарамастан, ТӘБ 2007 жылдың қорытындысы бойынша таң қаларлық қаржы көрсеткіштерін көрсетті.


ТӘБ банк конгломераты қызметінің 2007 жылы шамамен жасалынған қорытындылары

ТӘБ шоғырландырылған активтері 01.01.2008 ж. жай-күйі бойынша 25,5 млрд. долларға жетті, жылдық өсім 56%-ды құрады. Активтер жыл соңында 5,4 млрд. долларды құраған клиенттер депозиттерінің 30%-ға артуынан, шығарылған борышқорлық құнды қағаздар (өсімі 62%), несие мекемелерінің қаржылары (өсімі 41%), сонымен жыл соңында 3,8 млрд. долларды құраған меншікті капиталының артуы есебінен өсті.
Қазақстанның банк жүйесінің активтеріндегі Топтың үлесі есепті мерзімде 25,5%-ды, (22,8% 01.01.2007.), депозиттер бойынша үлес - 23,7%-ды құрады (заңды тұлғалар депозиті - 24,9%, жеке тұлғалар - 19,5%).

Өткен жылы ТӘБ еліміздегі экономикалық өсімді ынталандыруға өз үлесін қосып, несиелендіру көлемін ұлғайтты. Банктің несие қоржыны есепті мерзімде 88%-ға өсіп, 19,9 млрд. долларды құрады. Ортақ несие қоржынындағы Топтың үлесі 27,4%-ды құрады (2006 ж. соңындағы 23,7% -ға қарсы)

2007 жылы банктің пайда көрсеткіші өсімнің тұрақты болғанын көрсетті.
Таза пайыздық маржа көлемі жыл ішінде былайша өзгерді:
01.01.2006 ж. – 4,2%
01.04.2007 ж. – 4,8%
01.07.2007 ж. – 5,3%
01.10.2007 ж. – 5,6%
01.01.2008 ж. – 6,0%
2007 жылғы ТПМ несие қоржынының сапасын өткен жылғы деңгейде сақтай отырып 1,8 пунктке ұлғайды.

2007 жылғы қорытынды бойынша Топтың пайдасы бұл 2006 жылғы пайдадан шамамен 2 есеге артып, 580 млн. долларды құрады.

ТӘБ Тобының жұмыс нәтижесі мына коэффициенттерде көрсетілген:

ROA – 2,8%
ROE – 26,1%
1 деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті * – 17,2%
2 деңгейдегі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті * – 17,9%

(*Базельдік келісім ұсыныстарына сәйкес)


Банктің 2008 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамдары

2008-2009 жылдарға арналған банк дамуының негізгі бағыттары шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау және жеке тұлғаларға қызметтердің кең ауқымдағы түрлерін ұсыну болып табылады.
Тәуекелдіктерді басқару саясатын жетілдіру мақсатында ТӘБ 2008 жылы ТМД елдеріндегі несиегерлерді қаржыландыруды біртіндеп азайтуды және ішкі рыноктағы несиелендіру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Банк ішкі рыноктардан тартылған ішкі қарыздардың орнын депозиттермен толтыру саясатын жалғастыруды көздеп отыр. Бұл жұмыстың нәтижесінде міндеттеме құрылымында халықаралық қаржы тарту үлесі және ішкі рыноктарда тартылған депозиттер үлесінің өсімі азаяды.
2008 жылы Банк активтерін 20%, меншікті капиталын 17%, несие қоржынын – 21%-ға ұлғайту көзделіп отыр. Банктің болжамына сәйкес несие қоржынының сапасы ағымдағы жылда 2006-2007 ж. деңгейде сақталады, яғни (мерзімі өткен, күмәнді) несиелер 5%-дан аспайды.


ТӘБ-тегі маңызды оқиғалар

Өзіндік дәстүрлерін жалғастыра отырып, ТӘБ шетелден банк сатып алып, Қазақстан мен ТМД-ның банк жүйесінде үлгі болуын одан әрі жалғастырады. 2007 жылдың басында ТӘБ түріктің Sekerbank T.A.S. банкінің 34 пайыз үлесін сатып алды.

Жаңа стратегияны қабылдау – ТМД-дағы жетекші қаржы институтына айналу және жалпыұлттық брендтен халықаралық брендке ауысу – 2007 жылы күзде басталған ребрендингті жүргізудің басты алғышарты болды.

Сонымен бірге өткен жылы банктің жұмысын халықаралық белгілі ұйымдар бірқатар мәртебелі наградалармен марапаттады:

  • 2007 жылы «ТұранӘлем Банкі» АҚ әйгілі The Banker басылымының ұсынуы бойынша әлемдегі 300 үздік банктің қатарына енді
Сонымен қоса «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Жыл топжарғандары» рейтингінде 3-орынға ие болды. 500-ден астам позициядан озық шығып, тек қана Arab Foreign Bank (Ливия) мен Intercontinental Bank-ке (Нигерия) жол берді. Үздік банктерді анықтауда The Banker банктің қаржылық даму тұрақтылығына, капиталды басқару тиімділігіне, ақпараттық технологиялар енгізуіне, инфрақұрылымды дамытуы мен нарықтағы стратегиялық жетістіктеріне баса назар аударды.

  • «ТұранӘлем Банкі» АҚ "Итоги"журналының тағайындауы бойынша екінші жыл қатарынан "ТМД-дағы жылдың үздік банкі" деп танылды
2007 жылы Ресейдің "Итоги"журналы ТМД елдерінің банк жүйесін дамытуға арналған кезекті зерттеуін жүргізді. «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның 2006 жылы да "ТМД-дағы жылдың үздік банкі" атануы атап өтерлік жағдай.

  • «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк атанды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ беделді Global Finance қаржы басылымының арнайы зерттеуі бойынша Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк атанды. «Сауданы қаржыландырудағы үздік банктер олар экспорт - импорттың ғаламдық желісінде өз қызметтерін ұсынып, халықаралық сауданың артып жатқан көлемін аз тәуекелділіктермен тиімді басқару үшін оларды автоматтық үдерістерге біріктіріп, клиенттердің талаптарына жауап бере алатын банктер», - деп атап өтті зерттеу нәтижелеріне тоқталған Global Finance Президенті Joseph D. Giarraputo.

  • «ТұранӘлем Банкі» АҚ исламдық мәмілесі «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның 250 млн. доллар соманы құраған Вакала бойынша Исламдық мәмілесі әйгілі Islamic Finance News қаржы басылымының болжамы бойынша «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды.
Осы мәмілені жүзеге асыра отырып ТӘБ инвесторлық базасын кеңейтіп және әртараптандырып үлгерді, яғни, Таяу шығыстағы аймақтар мен Малайзиядағы инвесторлармен бұрынғы қарым-қатынасын нығайтты және жаңа қатынастар орнатты.
«2007 жылдың үздік мәмілесі» наградасын тағайындаудағы негізгі критерий Исламдық принциптер бойынша Қазақстандағы қаржы институттары үшін тартылған Вакала мәмілесінің ең үлкен сомасы болды. Сонымен қатар бұл мәміле Таяу шығыс аймақтардан сырт елдердегі қаржы институттары үшін синдикатталған ең үлкен несие болды.

  • Секьюритизациялау бойынша "БТА Ипотека" (Қазақстан) мәмілесі Еуропадағы үздік мәміле деп танылды
Секьюритизациялау бойынша 2007 жылғы сәуірде аяқталған "БТА Ипотека" (Қазақстан) мәмілесін ISR (International Securitisation Report) халықаралық ақпараттық/талдау агенттігі мен Thomson Corporation (Халықаралық ақпараттық бизнес-провайдер) Еуропадағы секьюритизациялау бойынша үздік мәміле деп таныды.
ISR наградасы құрылымдық қаржыландыру нарығындағы жетістіктерді мойындау болып табылады.
ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісі осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі) бар.