Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА банк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті

15.02.2008 / Баспасөз орталығы

Ребрендинг жүргізуге байланысты «ТұранӘлем Банкі» АҚ № 3903-1900-АО тиісті куәлігін алып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтті.

Осылайша «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауы «БТА банк» АҚ болып өзгертілді.

Банкте 2007 жылғы қараша айында басталған ребрендинг табысты халықаралық банк конгломератын құруды қарастыратын БТА Даму стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады. Осылайша банк конгломератына кіретін банктер мен компаниялар БТА бірыңғай брендіне ғана емес, бизнесті жүргізудің және клиентке қарым-қатынас жасаудың бірыңғай стандарттарына да біріктірілетін болады. Жаңа брендті қолдану жөніндегі лицензия келісіміне қол қойылуына орай қазірдің өзінде БТА банк конгломератына кіретін компаниялар мен ТМД бойынша серіктес банктерде жұмыстар басталып кетті.

«Енді біз Қазақстанда және өз өнімдерімізді ұсынатын елдерде ребрендингтің кең ауқымдағы процестерін бастаймыз», - деп атап өтті «БТА Банк» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Роман Солодченко.

Бірінші кезекте БТА банктің орталықтарда орналасқан және бас ғимараттарындағы конструкциялары ауыстырылады. Жақын күнде Самал ықшамауданындағы банктің бас ғимаратындағы логотипті шатыр қондырғылары ауыстырылады.

Жыл бойы банкоматтарды, Cash in электронды терминалдарын, валюта айырбастау терминалдарын брендтеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта БТА Банктің корпоративтік сайты жаңа фирмалық үлгіде әзірленіп жатыр. Оның жаңа нұсқасы жаңа дизайнымен ғана емес, ақпарат құралының анағұрлым тиімді болуына мүмкіндік беретін мәліметтерді басқару жүйесімен де ерекшеленеді.

Бұрынғы «ТұранӘлем» атауы зор абырой-беделге ие болды, Қазақстан мен шетел қаржы нарығында өз қызметінің барлық бағыттарын дамытуда орасан табыстарға қол жеткізді. Бүгінде банктің алдында тұрған басымдық бағыт: көпжылдық тәжірибені жоғалтпай, қарқынды дамуды жалғастыру. БТА Банк жаңа бейнесімен ТМД-дағы жетекші қаржы институтына айналып және халықаралық нарыққа шығуды көздейді.

"БТА Банк" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. Алдын ала (шамамен) жасалынған мәліметтер бойынша БТА шоғырландырылған активтері 2007 жылы 56%-ға өсіп,2008 жылғы 1 қаңтарда 25,5 млрд. доллардан асты, капитал – 3,8 млрд. АҚШ долларды құрады. БТА топтастырылған таза пайдасы ағымдағы жылдың басында 580 млн. долларды құрады, бұл 2006 жылы түскен пайдадан шамамен 2 есеге артық.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банк ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі) бар.

БТА банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының таңдауы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды, сондай-ақ Euromoney халықаралық басылымының ұсынуы бойынша « Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.