Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ «Жыл мәмілесі 2007» наградасымен екінші мәрте марапатталды

26.02.2008 / Баспасөз орталығы

БТА Банкі екінші жыл қатарынан «Best Deal 2007» (Үздік мәміле) наградасымен марапатталды. Бұл жылы мұндай шешімді саудалық және құрылымдық қаржыландыру саласындағы беделді екі басылым - «Trade Finance» мен «Global Trade Review» бірден қабылдады. Осылайша Ақмола облысындағы «BI Cement» ЖШС-інің цемент зауытының құрылысын қаржыландыру бойынша мәміле ең үздік деп танылды. Бұл мәмілені БТА Fortis Bank NV-SA (Бельгия) ынтымақтастығымен ұйымдастырды.

«Best Deal 2007» наградасын тағайындаудағы негізгі критерийлерге мына деректер негіз болды:

  • Цемент зауыты үшін Чехия Республикасынан осы елдің (ЭКА) – EGAP Экспорттық -импорттық агенттігінің жылдық мерзімі толтырумен), құрал-жабдық импортын қаржыландырудың 10 жылдық мерзімі, сондай-ақ 8 жыл мерзім ішінде аванстық төлем мен жергілікті шығындарды тартымды шарттар бойынша коммерциялық қаржыландыру;
  • Клиентке барынша ұзақ жеңілдік кезеңін ұсынуға мүмкіндік беретін қаржыландырудың икемді құрылымы, сондай-ақ зауыт құрылысы мерзімінде пайыздық сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігі;
  • Қаржы салуды оңтайландыруға мүмкіндік берген бұл қаржыландыруды «қаржы лизингі» құрылымы аясында БТА ұйымдастырды.

«Біз клиенттің барлық сұраныстарын қанағаттандыратын қаржыландырудың ең оңтайлы құрылымын табуға аз уақыт жұмсаған жоқпыз. Сауданы қаржыландыру бойынша біздің мәмілеміз 3-інші жыл қатарынан әлемдегі үздік мәмілелер тізіміне еніп, өз құрылымының арқасында жоғары наградаларды иеленіп келеді. Бұл біздің құрылымдық сауданы қаржыландыруға бизнестің бағыты ретінде ерекше қатынас жасайтынымызды растайды», - деп атап өтті «БТА Банкі» АҚ халықаралық қатынастар мен сауданы қаржыландыру басқармасының бастығы Тимур Сабырбаев.

Цемент зауытының құрылысы Қазақстандағы озық жобалардың бірі болып табылады. Мұндай жобаларды қаржыландыра отырып БТА мемлекетіміздің 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға зор үлес қосады. Болашақ зауыт цементті “PSP Engineering AS” (Чехия) компаниясының халықаралық стандарттарға сәйкес шығарған құрал-жабдығымен «құрғақ әдіспен» өндіреді, бұл қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыруда 500 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. Алдын ала (шамамен) жасалынған мәліметтер бойынша БТА шоғырландырылған активтері 2007 жылы 56%-ға өсіп, 2008 жылғы 1 қаңтарда 25,5 млрд. доллардан асты, капиталы – 3,8 млрд. АҚШ долларды құрады. БТА топтастырылған таза пайдасы ағымдағы жылдың басында 580 млн. долларды құрады, бұл 2006 жылы түскен пайдадан шамамен 2 есеге артық.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банк ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 289 бөлімшесі) бар.

БТА банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» атанды, сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕВА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

Fortis Bank NV-SA (Бельгия) – банк секторы мен сақтандырудағы қаржы қызметінің халықаралық провайдері (жеткізушісі). Банк меншікті желісін, делдалдарды, сондай-ақ дистрибьютерлерді пайдалана отырып клиенттерге, серіктес банктерге өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады.

Азияда Fortis 105 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Аталмыш банк банк секторы мен сақтандыру секторындағы, осы аймақтағы негізгі дамушы нарықтардағы тәжірибені табысты түрде ұштастырды.

Fortis – капиталы 32.8 миллиард EUR ( 31/01/2008) Еуропаның 15 ірі ұйымдарының бірі.