Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

GLOBAL TRADE REVIEW «БТА Банкі» АҚ-ның сауданы қаржыландыру саласындағы тағы бір мәмілесін үздік деп таныды

29.02.2008 / Баспасөз орталығы

Сауданы қаржыландыру саласындағы беделді басылылым Global Trade Review журналының болжамы бойынша БТА Банкінің тағы бір мәмілесі «Best Deal 2007» (Үздік мәміле) атанды. Бұл Марин Гарденс ААҚ (Ресей) компаниясының Nippura Co. LTD (Жапония) компаниясынан 5,3 млн АҚШ доллары сомасына акрильді аквариумды шынылар жинақталымын сатып алуды қаржыландыру мәмілесі.

Бұл мәміле Марин Гарденс ААҚ-ының Мәскеудегі океанариум құрылысы бойынша ірі жобаның бір бөлігі болып табылады, ол ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең үлкен құрылыстың бірі болмақ.

«Best Deal 2007» наградасын тағайындаудағы негізгі критерийлерге мына деректер негіз болды:

  • «БТА Банкі» АҚ Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) мәмілені жүзеге асырған ТМД-дағы алғашқы коммерциялық банк болды;
  • Мәміле түпнұсқалық құрылым бойынша қаржыландырылды:

JBIC - пен қатар қаржыландырушы банк ретінде Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, LTD (Жапония) қатысты, келесі пропорцияда қаржыландыру сомасының 60%-ы көлеміндегі А траншын JBIC және соманың 40%-ы көлеміндегі Б траншын Bank of Tokyo Mitsubishi UFG LTD береді.

«Бұл мәміле қаржыландыру шарттарымен ғана емес, таңдап алынған құрылымымен де ерекшеленеді. Награда сауданы қаржыландыру мен құрылымдық қаржыландыру саласындағы БТА қызметтерінің сапалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін тағы да көрсетті, біз бұл салаларды ҚР-да ғана емес, ТМД елдерінің нарығында да белсенді түрде көбейте бермекпіз», - деп атап өтті халықаралық қатынастар мен сауданы қаржыландыру басқармасының бастығы Тимур Сабырбаев.

Тәжім ететін таудағы "Океанариум" көпфункциялы оқыту – ойын-сауық кешенінің жобасы Ресей астанасындағы туризмді дамыту бағдарламасы аясында Мәскеу үкіметінің қолдауымен әзірленді және жүзеге асырылуда. Мәскеудегі алғашқы және Шығыс Еуропадағы ірі кешеннің ерекшелігі – ол негізгі элементі аквариум болып табылатын барлық маусымға арналған тематикалық парк ретінде құрылып отыр. Кешеннің мәскеуліктер мен қала қонақтарының ең әйгілі демалыс орындарының біріне айналуға толық мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, океанариум оқушылар мен студенттерге арналған әртүрлі білім беру мен ғылыми-зерттеу шараларын өткізу орны болмақ.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. Алдын ала берілген мәліметтер бойынша БТА-ның шоғырландырылған активтері 2007 жылы 56%-ға өсіп, 2008 жылғы 1 қаңтарда 25,5 млрд. доллардан асты, капиталы – 3,8 млрд. АҚШ долларын құрады. БТА топтастырылған таза пайдасы ағымдағы жылдың басында 580 млн. долларды құрады, бұл 2006 жылы түскен пайдадан шамамен 2 есеге артық.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банк ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 289 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.