Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банк пен ЛУКОЙЛ ынтымақтастықты арттырады

07.03.2008 / Нина Петунина, КБТДБ PR-менеджері

Алматыда 15-16 ақпан аралығында БТА Банктің шетелдік компаниялармен жұмыс жөніндегі корпоративтік блогының Бас дирекциясының ұйымдастыруымен ЛУКОЙЛ компаниясының тобына арналған семинар болып өтті. ЛУКОЙЛ ТК жоғары звеносының 20 басшысы корпоративтік клиенттерге ұсынылатын БТА-ның өнімдер желісімен танысты.

Семинар барысында: «Банк үшін клиенттердің сенімі өте маңызды, біз сапалы қызмет және әрбір клиентке жеке қызмет көрсетуге тырысамыз», - деп атап өтті Клиенттермен жұмыс жөніндегі директор Данияр Ақиянов.

Ынтымақтастық жасағалы аз уақыт ішінде БТА Банкі мен Лукойл ТК арасындағы өзара қатынас айтарлықтай қарқынды дамуда. Бүгінгі таңда банк ЛУКОЙЛ ТК кіретін 13 компаниямен және есеп-айырысу кассалық қызмет көрсету, «БТА-Онлайн»интернет-банкинг, жалақы жобалары сияқты өнімдер бойынша Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын компаниялармен жұмыс істейді. Бір сөзбен айтқанда, ЛУКОЙЛ ТК мұнай компаниялары арасында көмірсутек қорының көлемі бойынша дүние жүзі бойынша екінші орынды иемденеді. Кездесуге қатысқандар семинар қорытындысын жоғары деңгейде бағалады.

- БТА Банкінің өнімдері туралы ақпарат айтарлықтай кәсіби деңгейде жеткізілді, -деп атап өтті ЛУКОЙЛ Оверсиз Сервис Лтд Қазақстан филиалының Қазынашылық бас маманы Ольга Папина. – Мен үшін БТА Банктің өкілдерімен жүзбе-жүз кездесіп, танысу аса маңызды. Ұсынылған қаржы құралдарын тәжірибе жүзінде сөзсіз қолданып көруге деген ұмтылыс пайда болды.