Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу жөніндегі ХАБАРЛАМА

11.03.2008

«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 11.03.2008 ж. № 3-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы 2008 жылдың 14 сәуірінде 10 сағат 30 минутта өткізіледі, акционерлерді тіркеудің басталуы - 10.00 сағатта, мекенжайы: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, А2 Блогы, 2 қабат, Мәжіліс залы.

«БТА Банкі» АҚ акционерлернің жалпы жиналысына қатысу құқығы бар акционерлер тізімі 2008 жылдың 14 наурызына сәйкес әзірленген.

«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылды жалпы жиналысының күн тәртібі:

1. «БТА Банкі» АҚ-ның жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

2. «БТА Банкі» АҚ-ның өткен қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін және жыл нәтижесі бойынша акционерлік қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін анықтау.

3. "БТА Банкі" АҚ Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер жөнінде.

4. Санақ комиссиясы құрамын бекіту.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2008 жылдың 15 сәуірінде 10 сағат 30 минутта өткізіледі: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш. 97, А2 Блогы, 2 қабат, Мәжіліс залы. Акционерлерді тіркеудің басталуы – 10.00 сағ.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша акционерлер мына мекенжайға хабарласа алады: Алматы қ., Қонаев көш., 66, 113 каб, тел.2 665975.