Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ 530 900 000 АҚШ доллары сомасына ғалами синдикатталған несиенің бірінші траншын өтеді

14.03.2008 / Баспасөз орталығы

«БТА Банкі» АҚ кестеге сәйкес 530,9 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ғалами синдикатталған несиенің бірінші траншын өтеді, ол 2006 жылғы қыркүйек айында жалпы сомасы 1 111 млн. АҚШ долларына тартылған болатын. Бұл ғалами несиенің ұйымдастырушылары The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd., Commerzbank Aktiengesellschaft және Standard Chartered Bank. Синдикатталған несиенің бірінші транш бойынша маржасы 0,35%-ды құрады.

580,1 млн. АҚШ доллары көлеміндегі екінші транш: 2008 жылдың қыркүйегі, 2009 жылдың наурыз және қыркүйек айларында теңдей үш бөлікпен өтелетін болады.

«Бұл БТА-ның өтеу міндеттемелерінің шамамен жартысын құрайды және 2008 жылдағы ең үлкен төлем болып отыр, ол қайта қаржыландырусыз және ішкі, сыртқы нарықтардан ресурс тарпай жүзеге асырылды. БТА 2008 жылға дейінгі мерзімдегі дейінгі қалған сыртқы міндеттемелерін (670 млн. АҚШ доллары) ішкі ресурстар есебінен өтемек және жоқ дегенде осы жылдың соңына дейін қайта қаржыландыруды жоспарлап отырған жоқ. 01.03.2008 жылдағы Банктің активтері 22 611 млн. АҚШ долларын құрады, өсім 2008 жылдың басынан 594 млн. долларға теңесті. Ал жеке тұлғалардың депозиті жыл басынан бері 109 млн. АҚШ долларына өсті. Банк бөлінген қаржыны компаниялар арасында тиімді бөліп, экономиканың жекелеген секторларын несиелендірудің мемлекетттік бағдарламаларына агент ретінде қатысады», - деп атап өтті «БТА Банкі» АҚ Инвесторлармен жұмыс басқармасының бастығы Садыр Шағожаев.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банк ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.