Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

"БТА Банкі" АҚ Қазақстандағы үздік банк атанды

19.03.2008 / Баспасөз орталығы

Беделді "Global Finance" іскерлік басылымының тағайындауы бойынша "БТА Банкі" АҚ "Қазақстандағы 2008 жылғы үздік банк" атағына ие болды.

"Азияның дамушы нарықтарындағы үздік банктер 2008" марапаты журналдың арнайы зерттеуі нәтижесінде тағайындалды, зерттеу кезінде талдаушылар, корпорация басшылары мен банк саласының сарапшылары экономикасы дамып келе жатқан 20 елдің үздік банктерін анықтаған болатын.

Қазақстандағы үздік банк ретінде БТА Банкті іріктеу критерийлеріне активтердің өсімі мен кірістері, стратегиялық қатынастар, клиенттерге қызмет көрсету деңгейі, бәсекеге қабілетті бағалары және инновациялық өнімдерінің болуы сияқты көрсеткіштер негіз болды.

"Әлемдік экономика үнемі кеңейіп отыратындықтан дамушы нарықтар ерекше назарға ілігеді, - деп атап өтті "Global Finance" басылымының президенті Joseph D. Giarraputo. – Біз әлемдік экономиканың күрделі шарттарымен жеке өсімі үшін өз қызметінде ерекше мүмкіндіктерді қолдануға талпынатын банктерді анықтадық".

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді "Итоги" қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы "ТМД-дағы жылдың үздік банкі", сондай-ақ "Euromoney" халықаралық басылымының ұсынуы бойынша "Орта Азиядағы үздік банк" атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және "Жыл топжарғандары" номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы "Еуропаның үздік компаниясы" ("Best Enterprise of Europe") атағын берді.


"Global Finance" - штаб-пәтері Нью-Йоркте (АҚШ) орналасқан 1987 жылдан шығып келе жатқан іскерлік басылым. Журналдың 158 елде 50 000-нан аса жазылушылары мен 284 000-нан астам оқырмандары бар. Аудитория құрамына қаржы институттарының топ-менеджерлері, бизнес-талдаушылар, сарапшылар, қаржы кеңесшілері, инвестиция саласындағы мамандар кіреді.