Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Достық концерті

20.03.2008

16 наурыз күні Алматыдағы Натальи Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Арменияға еңбек сіңірген әртістер Софи Девоян, Заруи Бабаян мен "Танцы и душа" театрының қатысуымен І-концерт болып өтті.

Концертті «Луис» Армян мәдени орталығы ұйымдастырды, ал демеушілік көрсеткендердің бірі Қазақстандағы бірінші халықаралық «Faster» жедел ақша аударымдары жүйесімен «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалы болды.

Концерт басталмас бұрын Алматы филиалының аударымдар мен төлемдер жөніндегі менеджері Роза Нұрниязова «Faster» аударымдары бойынша агенттер: Алена Курносова, Иван Николаев, Ақерке Әлімғазиева мен Марина Лимен бірлесіп промо-акция өткізді.


Ұйымдастырушылар концертке келген барлық қонақтарға «Faster» логотипі бар парақшалар мен жәдігерлік бұйымдарды сыйға тартты. Салтанатты шараға Арменияның Қазақстандағы елшілігінің, «Найри» армян мәдени орталықтарының республикалық ассоциациясының, Алматыдағы «Луис» мәдени орталығының, Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Бұл Қазақстанда тұратын халықтар арасында армян мәдениетін насихаттауға зор үлес қосқан концерт болды. Мұндай рухани және мәдени қарым-қатынас этника аралық қатынастардың дамуына зор септігін тигізері анық.