Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ-ның БТА жаңа логотипін пайдаланудағы алғашқы бөлімшесі ашылды

20.03.2008 / Баспасөз орталығы

19 наурыз күні ребрендинг аясында «БТА Банкі» АҚ-ның Жамбыл филиалы Шу қаласынан безендіруде БТА жаңа логотипі пайдаланылған №05-03 жаңа бөлімшесі ашылады.

«БТА Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты қайта тіркеуден өтіп, «ТұранӘлем Банкі» АҚ атауын «БТА Банкі» АҚ-ына ауыстырды.

2007 жылдың қараша айында банк қолға алған ребрендинг БТА даму стартегиясын жүзеге асырудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады, ол табысты халықаралық банк конгломератын қалыптастыруды қарастырады. Сондықтан банк конгломератына кіретін компаниялар БТА бірыңғай брендіне ғана емес, сонымен бірге, бизнесті жүргізу мен клиентке қарым-қатынас жасаудың бірыңғай стандарттарына да біріктірілетін болады. Қазірдің өзінде БТА банк конгломератына кіретін компаниялар мен ТМД бойынша серіктес банктер арасында жаңа брендті пайдалану жөніндегі лицензия келісіміне қол қою бойынша жұмыстар басталып кетті.

№05-03 бөлімшесі Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласы Красноармейская көшесі, 9а мекен-жайында орналасқан. Бұрын ол Шу қаласы Сәтпаев к-сі, 20 мекен-жайында орналасқан болатын. Бөлімше халық жиі орналасқан аудандағы ЕДБ қызметін жандандыруға, сондай-ақ клиенттерге барынша ыңғайлы жағдайда қызмет көрсету қажеттілігіне байланысты басқа жерге ауыстырылды.

БТА Банктің жаңа бөлімшесі Орталық базар маңындағы қаладағы іскер орталықта орналасқан. Жаңа ғимараттың ауданы 273 шаршы метр, ол бұрынғы ғимараттың көлемінен 3 есеге үлкен.

№05-03 әмбебап бөлімше заңды және жеке тұлғаларға: есеп-айырысу кассалары, айырбастау операциялары, төлемдердің барлық түрлерін қабылдау, пластикалық карточкалар бойынша қызмет көрсету, тұрғындарды несиелендіру және кеңес беру, сондай-ақ, шағын және орта бизнесті несиелендіру сияқты банк қызметтерінің толық спектрін ұсынады.

2001 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта БТА Жамбыл филиалы жалпы сомасы 38 569 млн. теңге 13 159 несие берді, сонымен бірге 2007 жылы 17 806 млн. теңге берді, оның ішінде:
шағын және орта бизнесті қолдауға - 21 121 млн. теңге сомасына, сонымен қатар 2007 ж. 10 640 млн. теңге;
аграрлық секторды қолдауға - 1 835 млн. теңге сомасына, сонымен қатар 2007ж. 734 млн. теңге;
халықты несиелендіруге - 15 613 млн. теңге сомасына, соның ішінде 2007 ж. 6 432 млн. теңге қаржы бөлді.
Аталған мерзімде 1 586 139 млн. теңге сомасындағы жеке тұлғалар депозиті, соның ішінде 2007 жылы 523 122 млн. теңге тартылды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артқанын көрсетеді. Ал заңды тұлғалар депозиті - 1 362 млн. теңге, сонымен 2006 ж. 616 млн. теңге болды.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жай-күйі бойынша банк қызметтерінің аймақтық нарығындағы филиал үлесі заңды тұлғаларды несиелендіру бойынша - 27,2, жеке тұлғалар бойынша -7,7 %, шағын кәсіпкерлік – 8,5 %-ды құрады.
Сонымен қатар депозиттер тарту бойынша аталған мерзімдегі филиалдың аймақтағы нарық үлесі -12,7 %,-ды, соның ішінде заңды тұлғалардың жедел несиелері – 17 %, жеке тұлғалар бойынша– 12,4 % болды.

Тараздың әкімшілік орталығында БТА-ның №05-05, №05-06, №05-07 және №05-12. төрт бөлімшесі орналасқан. Шу қаласында №05-03, Қордай ауылында - №05-08 және №05-10, сондай-ақ Мирный қала типтес ауылы мен Мерке ауылдарында бір-бір бөлімшелері жұмыс істейді.


Клиенттерге қызмет көрсетуді кеңейтіп және сапасын арттыру үшін 2008 жылдың екінші жартысында Жамбыл облысының аудандарынан тағы 3 банктік қызмет көрсету бөлімшелерін ашу жоспарлануда. Экономиканың жалпы өсімінің нәтижесінде халықтың нақты кірісінің артуы карточка бизнесінің артуына септігін тигізді, бұл келешектегі түсімдер мен шығыстарды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қазір карточка қызметі бойынша Шу қаласындағы БТА клиенті 1000-ға жуық қызметкері тіркелген 1600 карточка бойынша қызмет көрсетілетін «Мақсат» АҚ болып табылады. Филиалдың тармақталған банкоматтар желісі – 25 банкоматы бар, олар аймақтың әр жерінде орналасқан.

БТА Жамбыл филиалының клиенттер саны 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша 26 701-ды құрады, соның ішінде 1 230-ы заңды және 25 471-і жеке тұлғалар. Банк тұрақты түрде(Соғыс және еңбек ардагерлері кеңесіне, балалар үйлеріне, сондай-ақ мүгедек балаларға) материалдық және демеушілік көмек көрсетіп тұрады. 2007 жылы 365 000 теңге сомасына демеушілік көмек көрсетілді.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банк ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.