Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Инэксимбанктен БТА Банкке: өрлеу

25.03.2008 / Баспасөз орталығы

Инэксимбанк үшін жаңа кезең басталды. Оның клиенттері алдындағы жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері ашылмақ.

Алдымен бұл беделді де ықпалы күшті несие-қаржы мекемесінің жаңа атауына үйрену қажет, бұл Инэксимбанктің өзінде және оның акциясын иемденуші – ТұранӘлем банкте ребрендингтің басталуымен байланысты. Бұл Қазақстандағы ірі банктердің бірі, ТМД-дағы қуатты қаржы институттарының бірі 2008 жылдың басынан қысқа да нұсқа - БТА Банк деп аталады. Ал Инэксимбанктің акционерлерінің жуырда өткен жиналысында оның жаңа қожайындары Инэксимбанк ЖАҚ-ын «БТА Банк» ЖАҚ-ына өзгертті. Бұл БТА барлық құрылымының ребрендингі мен ренеймингінің жалпы концепциясын жүзеге асыруға сәйкес жасалды.

Инэксимбанк үшін ребрендинг дегеніңіз - тек атауы мен фирмалық үлгісін өзгерту ғана емес, сонымен бірге жаңа стратегияны қабылдау, оның негізі көшбасшылық, сарапшылық және инновациялық болмақ.

Инэксимбанк орыс тілінде - Закрытое Акционерное Общество "БТА Банк", қырғыз тілінде - "БТА Банкы" Жабык Акционердик Коому, ағылшын тілінде - "ВТА Bank" Closed Stock Company деп аталатын болады.


-Бұл қадам Инэксимбанктің ескі брендін жою дегенді білдірмейді, -деп атап өтті банк басқармасы төрағасының орынбасары Руслан Боранбаев. – Ескі брендті жаңа брендке эволюция жолымен бірте-бірте дамытуды көрсетеді. Біз бұрынғы брендке қашанда ризамыз, оның көмегімен банк халықтың және серіктестердің кең ауқымды бөлігінің ықыласына бөленді. Біз қырғызстандықтарға халықаралық стандарттар бойынша қызмет көрсетіп, БТА қаржы тобында жаңа брендпен әлемдік нарықта үлкен табыстарға қол жеткізе алатынымызға сенімдіміз. Атауынан бөлек банк өзінің фирмалық логотипін толығымен өзгертті. Жаңа логотипте ақ фонда ашық жасыл және алқызыл түсті екі төртбұрыш қиылыса орналасқан. Бұл түстер банктің басты ерекшеліктері мен оның клиенттері мен серіктестеріне қарым-қатынасын білдіреді.

Инэксимбанктің активтері өткен жылы 154%-ға өсті және 2008 жылдың 1 қаңтарында 5,5 миллиардтан астам сомды (156,2 миллиона доллар)құрады. Клиенттерге берілген несие қоржынының көлемі 2007 жылы екі есеге дерлік, 195%-ға өсті және осы жылғы қаңтардың басында 3 миллиард 368 миллион 455 мың сомды (94 миллион 889 мың доллар) құрады. Осы көрсеткіш бойынша Инэксимбанк үшінші жыл қатарынан Қырғыз Республикасының банк жүйесінде көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді.

Депозиттер көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарында 3,4 миллиард сомды (95,9 миллион доллар)құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 2,2 есе артық. Инэксимбанктің жарғылық капиталы 2008 жылдың басында 800 миллион сомға(22,5 миллион доллар) долларға жетіп, 320 миллион сомға(9,1 миллион доллар)артты. Бұл Қырғызстанның банк жүйесіндегі ең жоғары көрсеткіш. Осы мерзімдегі бір уақыттағы банктің жиынтықты капиталы шамамен 1 млрд. сомды, ал таза кірісі – 116,2 миллион сомды(3,3 миллион доллар)құрады. Бұл көрсеткіш өсімі - 133%.

2007 жыл ішінде Инэксимбанк 7 филиал мен 27 жинақ кассаларын ашты, бүгінгі таңда олардың жалпы саны 14-ке және 54-ке жетті.