Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің қолдауымен қазақстандық қаржыгерлер тәжірибе алмасу мақсатында Киевте болып қайтты

26.03.2008 / Баспасөз орталығы

23 наурыз күні БТА Банктің қолдауымен (Украина) ұйымдастырылған Қазақстанның қаржы саласы өкілдерінің Киевке үш күндік сапары аяқталды. Украина астанасына барған делегация құрамында Қазақстанның Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Медет Сартбаев, Қаржылық қадағалау агенттігінің банктерді қадағалау департаментінің директоры Мұхтар Бөбеев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының атқарушы директоры Асқар Өртембаев және Еуразиялық қаржыгерлер клубының кеңесшісі Досым Сәтпаев болды.

Мұндай деңгейдегі делегация сапары Қазақстан мен Украинаға ортақ БТА тобының қаржы кеңістігі екі елдің өкілдерінің ең жоғары деңгейде тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретінін дәлелдеді.

Қазақстан қаржыгерлері Украина банкирлерінің XIV съезінде баяндама жасап, содан соң Украинаның жетекші қаржы журналистерімен кездесу өткізді. Делегация мүшелері әлемдік дағдарыстың ұлттық экономикаға және банк жүйесіне кері әсерін азайту үшін республиканың реттеуші органдары жүзеге асырған шаралармен танысты.

«Қазақстандық банктердегі қысқа мерзімді ұлттық валютадағы өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі кері РЭПО операциясын өткізу көлемін ұлғайтты, шетел валютасының, сондай-ақ банктердің корреспонденттік шоттарындағы Ұлттық Банкте еркін айырбасталатын валютадағы қалдықтардың кепілдігімен валюталық СВОП операциясын өткізуді қолға алды», - дейді Медет Сартбаев.


«Қазіргі уақытта Қазақстанның банк жүйесінің жұмысы толығымен тұрақтандырылды. 2008 жылдың наурыз айының бірінші жартысында халықаралық резервтер көлемі арттырылды», -дейді Асқар Өртембаев.

Қаржыгерлер әлемдік қаржы жүйесіне аз біріктірілгендіктенУкраина экономикасына әлемдік дағдарыс болмашы ғана әсер еткендігін атап өтті. «Қазақстан банктерінің сыртқы қарыздарының үлесі украиндық банктердің сыртқы қарыздарының үлесінен үш есе дерлік асып түседі», - деп есептейді Досым Сәтпаев.

«Біз Қазақстан мен Украина қаржыгерлерінің сындарлы диалогына мүмкіндік туғызуға аса қуаныштымыз. Мұндай тәжірибе алмасу екі елдің банк жүйесінің қалыптасуына себепші болуы мүмкін. Мұндай шараларды өткізу БТА-ның екі елдің арасындағы бірыңғай қаржы кеңістігін құруға қосқан зор үлесі», - дейді БТА Банктің (Украина) басқарма төрағасы Жомарт Ертаев.

БТА Банкі (Украина) 1992 жылы құрылған, қазақстандық «БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктесі болып табылады.


"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.