Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

АстанаЭксимБанктен БТА Банкке

01.04.2008 / Баспасөз орталығы

Беларусь қаржы нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі - АстанаЭксимБанк өз атауын БТА Банкке өзгертетінін және 2008 жылғы сәуірден бастап ребрендинг жүргізіле бастағанын хабарлайды.

Ребрендинг өткізу туралы шешім АстанаЭксимБанк Акционерлерінің Жалпы Отырысында мақұлданды. Қазір банк «БТА Банк» ЖАҚ-ына атауын өзгертуге Беларусь Республикасының Ұлттық банкінің рұқсатын алды.

Жаңа бренд үстіміздегі жылдың басында қайта тіркеуден өтіп, атауын өзгерткен ТМД аумағындағы ірі қаржы институты - қазақстандық БТА Банк тобына (бұрынғы ТұранӘлем банкі) тиесілі екенін көрсетеді.

Ребрендинг халықаралық табысты банк конгломератын құруды қарастыратын БТА Даму стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Осылайша банк конгломератына кіретін компаниялар БТА бірыңғай брендіне ғана еме, сонымен бірге бизнесті жүргізудің және клиентке қарым-қатынас жасаудың бірыңғай стандарттарына да біріктірілмек.

«БТА Банк атауы бизнесті жоғары деңгейде ұстауға міндеттейді. 2005-2006 жылдары біз озу стратегиясын, 2007 жылы жылдам өсу стратегиясын зор табыспен жүзеге асырдық, ал 2008 жылы біз басталу стратегиясын жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Яғни, аймақтарға шығу туралы айтып отырмыз. Беларусьтегі БТА Банктің басты мақсаты әмбебап банк өнімдерімен толықтырылған аса қуатты аймақтық желіні дамыту болмақ. Осы орайда негізінен БТА Банк клиенттеріне қолайлы қызмет көрсетуге күш жұмылдырамыз», - деп атап өтті «БТА Банк» (Беларусь) ЖАҚ Басқармасының Төрағасы Сұлтан Маренов.

Банктің 2008 жылғы 1 наурыздағы көрсеткіштері. Банктің жеке капиталының көлемі 39,5 млрд. рубльді құрады (БР ҰБ курсы бойынша - 18,4 млн. USD немесе 12,2 млн. евро). Активтері 192,4 млрд. рубльді құрады – БР ҰБ курсы бойынша - 89,6 млн. USD. Қаңтар-ақпан айларындағы баланстық пайда – 1,1 млрд. рубль немесе 0,5 млн. USD, 2007 жылы 3,1 млрд. рубль немесе 1,5 млн. USD болды. Несие қоржыны 135,7 млрд. рубль немесе 63,2 млрд. USD көлемінде қалыптасты. Сонымен проблемалық қарыз қарыздың жалпы сомасының 0,3%-ын құрады. Заңды тұлғалардан тартылған қаржы сомасы (банктерден бөлек) 57,9 млрд. рубль немесе 27,0 млн. USD.

Акционерлік капитал құрылымы. Қазіргі таңда АстанаЭксимБанктің негізгі акционері «БТА Банк» АҚ (Қазақстан Республикасы) болып табылады, оны үлесі - 49%, бұдан бөлек банк акционерлері «ТұранӘлем Капитал» АҚ басқарушысы мен екі инвестициялық компания. Ағымдағы жылы АЭБ актвитерін «БТА Банк» АҚ активтерімен топтастырып, АстанаЭксимБанк капиталындағы «БТА Банк» АҚ (Қазақстан Республикасы) үлесін 99%-ға дейін арттыру жоспарланған.