Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Шыңғыс Айтматов «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды

14.04.2008

Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамына тәуелсіз директор болып тағайындалды. Мұндай шешім 2008 жылғы 14 сәуірде өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданды.

Қазіргі әлем әдебиетіндегі ғұлама классиктің Директорлар Кеңесі құрамына кіруі БТА әлеуметтік саясатына, сонымен бірге халықаралық қаржы институты болуды мақсат еткен банктің ребрендинг үдерісіне негізделген. Халықаралық қаржы институты ретінде БТА Банк ТМД кеңістігіндегі және банк конгломераты қатысатын барлық елдердегі тарихи және мәдени тұтастықты сақтауға бағытталған рухани дамуды қолдауды өз міндеттерінің бірі ретінде қарастырады.

Ш. Айтматовтың шығармашылығы да БТА қызметі сияқты дүниежүзін қамтиды. Еуразия жазушысы ол Батыс пен Шығыс халықтарының өмір салтын, дүниетанымын түсінеді және олардың әдеби дәстүрлерін жалғастырады. БТА банк конгломераты да түрлі ұлттар мәдениетін сақтап, үздік тәжірибені өзінің бизнесі дамып келе жатқан барлық жерлерде қолдануға тырысады.

Бұл жыл ТМД елдерінің әдеби қауымдастығы үшін және жазушының шығармаларын сүйіп оқитын барлық адамдар үшін айтулы жыл болмақ, желтоқсан айында Ш. Айтматов өзінің сексен жылдық мерейтойын атап өтеді. БТА Банктің демеушілігімен автордың көп жылғы шығармашылығына арналған сегіз томдық шығармалар жинағы мен альбомы жарық көреді.

БТА Банк басшылығы кинематография мен әдебиетті классикалық сахна шеберлерінің қолдауы мәдениетті өзара байытуға және ұрпақтардың рухани сабақтастығын сақтауға мүмкіндік туғызатынына сенімді.

***
"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын БТА Банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет ететін стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. БТА өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ баспасөз хатшысы
+7 (727) 266-47-97,
e-mail: dosymov@bta.kz
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,e-mail: shamova@ bta.kz