Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ «Эксклюзив» талдамалы-шолу журналының тағайындауы бойынша «Ең көрнекті макет» және «Ең ерекше макет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

15.04.2008

«Эксклюзив» журналы өзінің туған күні қарсаңында басылым жарық көрген уақыттан бері оның беттерінде жарияланған ең үздік жарнама үлгілерін(модуль) белгіледі. БТА Банкі «Ең көрнекті макет» және «Ең ерекше макет» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

«Эксклюзив» журналының редакциясы БТА Банкіне жеткен жерде тұралап қалмай, тиімді және өнімдер мен қызметтердің алға жылжуына ғана емес, барлық банк конгломератының тұрақты да тамаша беделін қалыптастыруға мүмкіндік беретін эстетикалық жарнама жасауды жалғастыра беруге тілектестік білдірді.

Сонымен қатар «Эксклюзив» журналы ең үздік жарнама макетіне жыл сайынғы байқаудың басталғаны туралы хабарлады. Жыл бойы редакция алқасы жарнама берушілердің жұмыстарын қадағалап және бағалайтын болады. Байқау қорытындысы журналдың қаңтардағы санында жарияланбақ. Жеңіске жеткен жарнама үлгісі жаңажылдық санында жарияланады және «Редакция таңдауы» белгісімен белгіленеді.