Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ 2007 жылы Қазақстандағы, ТМД мен алыс-жақын шет елдердегі қаржы нарығындағы позициясын нығайтты

17.04.2008

2007 жылы «БТА Банкі» АҚ өз қызметінің барлық бағыттарын дамытуда зор табысқа қол жеткізді және республикамыздағы, алыс-жақын шет елдер мен әлемдік қаржы нарығындағы позициясын нығайта түсті.

ТМД кеңістігіндегі ірі жеке меншік банкке айналудағы өз стратегиясын жүзеге асыра отырып БТА өнім желісін жоспарлы түрде кеңейтіп келеді және клиенттерге қызмет көрсетудің озық стандарттарын енгізуде. Бәсекелестіктің күшеюіне, сондай-ақ халықаралық нарықтардағы жағдайдың төмендеуіне қарамастан, БТА 2007 жылдың қорытындысы бойынша таң қаларлық қаржы көрсеткіштерін көрсетті.

2007 жылғы БТА банк (БТА Тобы) конгломератының жұмыс қорытындысы

01.01.2008 ж. жай-күйі бойынша БТА топтастырылған активтері бір жылдың ішінде 47,7%-ға артып, 3 065 млрд. теңгеге (25,5 млрд доллар) жетті. Активтер клиенттер депозиттерінің 23,5%-ға артуынан, шығарылған борышқорлық құнды қағаздардың (өсімі 53%), несие мекемелерінің қаржыларының (өсімі 34%), сонымен жыл соңында 452 млрд. теңгені (3,8 млрд. доллар) құраған меншікті капиталының 2,3 есеге артуына байланысты өсті.

Клиенттер депозиті жыл соңында 652,5 млрд. теңгеге ( 5,4 млрд. доллар) жетті, соның ішінде:
- заңды тұлғалар депозиті бір жыл ішінде 21%-ға өсіп, 372,1 млрд. теңгені (3,1 млрд. доллар) құрады;
- жеке тұлғалар депозиті 27%-ға өсіп, 280,4 млрд. теңгені ( 2,3 млрд. доллар) құрады.

Қазақстанның банк жүйесіндегі активтердің жиынтық көлеміндегі БТА Тобының үлесі есептік мерзімде 25,5%-ды ( 01.01.2007ж. 22,8%), депозит бойынша үлес - 23,7%-ды(заңды тұлғалар депозиті - 24,9%, жеке тұлғалар депозиті - 19,5%) құрады.

Өткен жылы БТА еліміздегі экономикалық өсімнің артуына өз үлесін қосып, несиелендіру көлемін ұлғайтты. Банктің несие қоржыны есептік мерзімде 77,1%-ға өсіп, 2 380 млрд, теңгені (19,8 млрд. доллар) құрады.

Таза пайыздық маржа 2007 жыл ішінде 4,2%-дан 6,0%-ға артты. 2007 жылғы қорытынды бойынша БТА Тобының пайдасы 64,7 млрд. теңгені ( 538 млн. доллар) құрады, бұл 2006 жылы түскен пайдадан 65,6%-ға артық.

Банктің 2008 жылғы негізгі көрсеткіштерінің болжамы

2008-2009 жылдарға арналған банк дамуының негізгі бағыттары шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау және жеке тұлғаларға қызмет көрсетудің кең ауқымдағы түрлерін ұсыну болып табылады. Тәуекелдіктерді басқару саясатын жетілдіру мақсатында БТА 2008 жылы ТМД елдеріндегі несиегерлерді қаржыландыруды біртіндеп азайтуды және ішкі рыноктағы несиелендіру көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Банк ішкі рыноктардан тартылған ішкі қарыздардың орнын депозиттермен толтыру саясатын жалғастыруды көздеп отыр. Бұл жұмыстың нәтижесінде міндеттеме құрылымындағы халықаралық қаржы тарту үлесі азайып және ішкі рыноктардан тартылған депозиттер үлесінің өсімі ұлғаяды.
2008 жылы Банк активтерін 20%, меншікті капиталын 17%, несие қоржынын – 21%-ға ұлғайту көзделіп отыр. Банктің болжамына сәйкес несие қоржынының сапасы ағымдағы жылда 2006-2007 жылдардағы деңгейде сақталады, яғни (мерзімі өткен, күмәнді) несие қоржынына қатысты провизия (мәжбүрлі шығын) 5,5%-дан аспайды.

«2008 жылы БТА Банк Қазақстанның банк жүйесіндегі көшбасшылық позициясын айтарлықтай нығайтады. 2007 жылы Банк капиталының БТА пассивтерінің ұзақ мерзімді құрылымымен үйлесе 1,5 млрд. долларға артуы халықаралық төлемпаздық дағдарысына тәуелділігін азайтады», - деді банктің жұмыс қорытындысына тоқталған Басқарма Төрағасы Роман Солодченко, - «2008 жылы банк халықаралық несиенің небәрі 1,2 млрд. долларын немесе 530 миллионы 2008 жылдың наурызында төленген банк активтерінің 4,6 пайызын өтеуі керек. Ал халықаралық қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамастан банктің бұрын құрылған бөлімшелер желісі мен өзіне өзі қызмет көрсететін банкоматтар базасында бөлшек сауда мен шағын және орта бизнес клиенттерінің жұмысына қайта бағдар жасауы 2008 жылы операциялар ауқымын ұлғайтуымызға мүмкіндік береді».

****

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 290 бөлімшесі) бар. Өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар қолма-қол ақшаларды қабылдайды және 1,2 млн жеке меншік және 95,6 мың корпорациялық клиенттерге қызмет көрсетеді.

БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ баспасөз хатшысы
+7 (727) 266-47-97,
e-mail: dosymov@bta.kz
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz