Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Астраханьда СлавинвестБанктің филиалы ашылды

18.04.2008

СлавинвестБанктің Астраханьдағы филиалы кәсіпорындар мен аймақ тұрғындарына бәсекелес және жоғары технологиялы банк өнімдерінің толық спектрін ұсынады олар: салымдар, пластикалық карталарға қызмет көрсету, ипотекалық және жедел несиелендіру, есеп-айырысу кассалары, шағын және орта кәсіптік несиелендіру, ақша аударымдары, интернет-трейдинг және т.б.

Банк өнімдер желісін үнемі кеңейтіп және жетілдіріп отырады, баға саясатында өз клиенттеріне қызықты ұсыныстар жасауға талпынады. Астраханьдағы филиалдың ашылуы астраханьдық АгроинкомБанкпен бизнес-бірігу үдерісі аясында өткізілді. Бұдан былайғы федералдық деңгейдегі ірі қаржы институттарымен жұмыс істеуде көптеген артықшылықтары бар Славинвестбанкпен ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде барлық клиенттерге ұсыныстар жіберілді.

«СЛАВИНВЕСТБАНК» ЖШҚ Астрахань филиалының мекен-жайы: 414024, Астрахань қ. Набережная Приволжского затона көшесі, 35а үй. Тел.: (8512) 386-189. Жұмыс уақыты: дүйсенбі- жұма 9-30-дан 17-00-ге дейін.

СлавинвестБанк – Ресей қаржы нарығында 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жоғары технологиялы әмбебап банк. Банк корпорациялық және жеке клиенттерге арналған қызметтердің толық кешенін ұсынады.

СлавинвестБанк меншікті капиталының көлемі бойынша (Коммерсант Деньги журналының 24.03.2008 мәліметі бойынша) Ресейдегі таңдаулы 50 ірі банктің қатарына кіреді.

Филиалдар желісі 9 филиал мен 19 қосымша кеңселерді қамтиды. Банктің жарғылық капиталы – 5,2 млрд рубль, активтері – 39,2 млрд рубль.

СлавинвестБанктің Баспасөз қызметі
тел. +7 (495) 363-09-09 (доб. 21361)
e-mail: NSelischeva@slavinvest.ru