Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Грузия Премьер Министрі Поти қаласындағы «БТА Силкроуд Банк» жаңа сервис орталығын ашты

21.04.2008

2008 жылғы 15 сәуір күні «БТА Силкроуд Банк» АҚ Поти қаласынан жаңа сервис орталығын ашты.

Филиалдар желісін кеңейту, корпорациялық клиенттер мен бөлшек саудаға банктік қызмет көрсету нарығын қатар дамыту банк стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сервис орталықтың тұсаукесері Поти қаласындағы еркін экономикалық аймақ пен жаңа порт құрылысының ашылу мерекесімен тұспа-тұс келді.

Сервис-орталықты Грузия премьер-министрі Ладо Гургенидзе мен экономиканы дамыту министрі Екатерине Шарашидзе салтанатты түрде ашты. Премьер сервис-орталықтың ашылуына оң баға берді және «БТА Силкроуд Банктің» портты және еркін экономикалық аймақты дамыту жоспарларына байланысты аймаққа сәтті уақытта келгендігін атап өтті.

Салтанатты жиында «БТА Силкроуд Банк» Бас директоры Георгий Чиладзе Потидегі сервис-орталық Самегрелойск аймағы бойынша алғашқы орталық екеніне тоқталды. Бұған дейін 2007 жылдары Тбилисиде 4 сервис орталық пен Батумиде филиал ашылған болатын. Ол сондай-ақ болашақта банктің банк қызметтері нарығындағы өз жұмысын кеңейте түсетінін де тілге тиек етті.