Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Faster жедел ақша аударымдарының «Сәтті аударым» акциясы!

05.05.2008

Сіз БТА Банкінің Faster жедел ақша аударымдарын пайдаланып көрген жоқсыз ба? Олай болса оны пайдаланатын және «Сәтті аударым» акциясына қатысатын уақыт келді. 2008 жылғы 05 мамырдан бастап 01 тамызға дейін Қазақстан мен ТМД бойынша кем дегенде 50000 теңге, 400 АҚШ доллары, 300 евро немесе 10000 Ресей рублі сомасындағы Faster жедел ақша аударымдарын жіберіп, ақшалай жүлделердің ұтыс ойынына қатысыңыздар! Акция шарты бойынша акция кезінде Сіз қанша Faster жедел ақша аударымдарын жіберсеңіз, сіздің жеңіске жету мүмкіндігіңіз де соншалықты арта түспек. Өйткені әрбір ақша аударымы акцияға қатысады!

Акция бойынша ұтыс ойындарының жеңімпаздары Алматы қаласында 2008 жылғы 11 тамызда «Бинго» бағдарламасының көмегімен кездейсоқ іріктеу әдісімен акцияға қатысушылардың қатысуымен анықталатын болады. 6 ақшалай жүлде ойнатылады: 2 ақшалай жүлде 50000 теңгеден, 2 ақшалай жүлде 40000 теңгеден, 2 ақшалай жүлде 30000 теңгеден.Ақшалай жүлделер жеңімпаздарға Plus Card төлем карточкасына аудару арқылы тапсырылатын болады.

БТА Банкі Faster жедел ақша аударымдары жүйесін 2007 жылғы қаңтардан бері дамытып келеді. Осы аз уақыт ішінде шамамен жүз мың клиент – біздің отандастарымыз бен шетелдік азаматтар Faster-дің артықшылығын бағалап үлгерді. Ақшаны теңгемен, АҚШ долларымен, Ресей рублімен және евромен небәрі бір минут ішінде жіберіп және алуға болады! Ал ақша аударымы сомасының 2%-ы сияқты тиімді тариф, қызмет көрсету пункттерінің кең желісі, жіберуші мен алушы үшін жедел ақша аударымының түскені және төленгені жөнінде SMS-хабарлама алу сияқты шарттар Faster-дің ыңғайлы да қауіпсіз ақша аударымдары жүйесі болуына мүмкіндік береді. Сіз жақындарыңыздың қамын жасаңыз, БТА Банкі Сіздің қамыңызды ойлайды!