Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ Украинаның, Ресей мен Қазақстанның 10-нан астам компанияларын біріктіреді

14.05.2008

7 мамыр күні «ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ Бағалы қағаздар мен қор нарығы бойынша мемлекеттік комиссиясына (БҚҚРМК) бағалы қағаздар сатуға (диллерлік, брокерлік қызметті және бағалы қағаздарды басқару қызметін қоса) лицензия алуға өтініш берді. Холдингтің Жарғылық капиталы құрылған және ол 300 мың гривенді құрайды. Холдингтің Президенті «Оранта» ұлттық акционерлік сақтандыру компаниясы қадағалау кеңесінің төрағалығына Олег Спилканы тағайындады.

БҚҚРМК тиісті лицензиясын алған соң Холдинг Украина, Ресей мен Қазақстанның тиісті компанияларының акционерлерімен акция пакеттерін басқаруға келісім жасауды жоспарлап отыр. Осылайша компанияларды басқару компания акционерлерінің жиналысында қабылданған шешім бойынша, сондай-ақ IMG Холдингі өкілдерінің қадағалау кеңесі мен компаниялардың директорлар кеңесі құрамдарына қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады. Атап өтерлік бір жәйт, жуырда өткен (25 сәуір) «Оранта» ҰАСК, «Оранта-Жизнь» (28 наурыз) және «Оранта» концерні (6 мамыр) акционерлерінің жиналысында компаниялардың жарғыларының жаңа редакциялары бекітілді, осыған сәйкес қадағалау кеңесінің өкілеттілігі айтарлықтай кеңейтілді.

«ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ 2008 жылдың 15 ақпанында Киевте тіркелген. 17 сәуір күні Украинаның Монополияға қарсы комитеті (УМҚК) бағалы қағаздар сатуды (диллерлік, брокерлік қызметті және бағалы қағаздарды басқару қызметін қоса) жүзеге асыруды көздеп отырған «ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ-ын құруға рұқсат берді. Стратегиялық жоспарға сәйкес IMG Холдингінің құрамына қазақстандық инвесторлардың Украинадағы, Ресейдегі, Қазақстандағы сақтандыру компаниялары кіреді. Бұл күні УМҚК «ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ-ға «Оранта» ҰАСК мен «Оранта-Жизнь» СК-ның 50 %-дан астам акциясын басқаруға рұқсат берді.

Естеріңізге сала кетейік, Холдинг қызметінің мақсаты Холдингке кіретін компаниялардың құнын арттыру болып табылады. Холдингтің басты міндеттерінің ішінде – оның құрамына кіретін компанияларға басқарудың бірыңғай стандарттарын енгізу, есептемені шоғырландыру және тәуекелділіктерді әртараптандыру (әсіресе бірыңғай маркетинг, корпоративтік стандарттар саясатын жасау, бизнес-процестерді оңтайландыру, құқықтық жағынан және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, инвестициялық және жоба менеджменті, брендтерді құру, қызмет көрсету мен сервис ұсынудың бірыңғай стандарттарын енгізу, шығындарды азайту ) болып табылады.