Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

СлавинвестБанк – бірінші ресейлік банк – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың Несие Нарығына Қатысушылар Ассоциациясының мүшесі

15.05.2008

2008 жылғы 6 мамыр күні СлавинвестБанк өзінің Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың Несие Нарығына Қатысушылар Ассоциациясына (APLMA) кіргенін жариялады.

Өзінің халықаралық қызметін кеңейтіп және халықаралық қарыз алудың жаңа нарықтарын игеріп және cауданы қаржыландыру өнімдерін дамыту мақсатында СлавинвестБанк APLMA-ға кіретін банктермен белсенді ынтымақтастық жасауды көздеп отыр. Осы орайда Банктің 2008 жылдың маусым айында Шанхайда 10-ыншы рет өтетін жыл сайынғы Ассоциация конференциясына қатысуы алғашқы қадамдардың бірі болмақ.

Ассоциация құрамына кірудегі СлавинвестБанктің басты мақсаты — Азиялық-Тынық мұхит аймағының қаржы институттарымен қарым-қатынастар орнату және банкаралық ынтымақтастық бағыттарын талқылау.

Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың Несие Нарығына Қатысушылар Ассоциациясы 1998 жылы құрылған және ол бүгінгі таңда осы аймақтағы 174 қаржы институтын біріктіретін негізгі ұйымдардың бірі болып табылады. Олардың басым бөлігі Agricultural Bank of China, Asia Development Bank, Bank of East Asia, China Development Bank, Mizuho Corporate Bank Ltd., Bank of Shanghai, Sumitomo Mitsui Banking Corporation, Shanghai Pudong Development Bank, BA Asia, Bank of China, Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ Limited, HSBC Investment Bank Asia, National Australia Bank, Sumitomo Bank, Arab Bank plc және тағы басқа дүниежүзілік ірі банктер.

Сонымен қатар СлавинвестБанк Несие Брокерлері Ассоциациясымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасады. Келісімге банктің ипотекалық және брокерлік компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту бағдарламасы аясында қол қойылды. Серіктестік екіжақты ақпарат алмасып және жарнама компанияларын бірлесіп өткізуге ұйғарым жасап отыр.

- Несие Брокерлері Ассоциациясымен ынтымақтастық банктің агенттік желісінің кеңейуіне және клиентке қызмет көрсетуді үнемі жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Ассоциация фронт-кеңсе қызметкерлері үшін тұрақты түрде семинарлар мен біліктілікті көтеру курстарын өткізеді, - дейді агенттік желіні дамыту бөлімінің бастығы Федор Кузнецов. – Сонымен қатар біз тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында да бірге жұмыс істейтін боламыз. Соның ішінде тұрғындарды жылжымайтын мүлікті ипотекаға сатып алудың барлық мүмкіндіктерімен және артықшылықтарымен ақпараттандыратын боламыз.

Тараптар клиенттік базаны ұлғайту және жылжымайтын мүлік мәмілелерін жүргізу саласындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

СлавинвестБанк – Ресейдің қаржы нарығында 13 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жоғары технологиялы әмбебап банк. Банк корпорациялық және жеке клиенттерге арналған қызметтердің толық кешенін ұсынады.

СлавинвестБанк меншікті капиталының көлемі бойынша (Коммерсант Деньги журналының 24.03.2008 мәліметі бойынша) Ресейдегі таңдаулы 50 ірі банктің қатарына кіреді. Филиалдар желісі 9 филиал мен 20 қосымша кеңселерді қамтиды. Банктің жарғылық капиталы – 5,2 млрд рубль, активтері – 39,2 млрд рубль.

СлавинвестБанк нарықтың барлық сегменттеріне қатысатын Қазақстанның банк жүйесін құрушы, ТМД-дағы мемлекет капиталынсыз ірі банктердің бірі БТА Банкінің серіктесі болып табылады (Интерфакс агенттігінің мәліметі бойынша). БТА — ТМД елдерінде банк желісін құруда көшбасшы банктердің бірі («Итоги» қаржы басылымының ұсынуы бойынша 2007 жылы «ТМД-дағы жылдың үздік банкі» сыйлығы).


СлавинвестБанктің баспасөз қызметі
тел. (495) 363 09 09 (доб. 21361)
email: NSelischeva@slavinvest.ru