Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

2008 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ активтері мен капиталының көлемі жағынан Қазақстандағы ірі банк

29.05.2008

2008 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала жасалынған мәліметтер бойынша «БТА Банкі» АҚ ішкі рыноктардан тартылған депозиттерінің есебінен ұлғайған активтер көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банк.

2008 жылдың 1 тоқсанында банктің шоғырландырылған активтері 3%-ға өсіп, 3 164 млрд. теңгені ($26,2 млрд.) құрады. Қаржы нарығындағы операциялар қысқарғалы бері банктің активтер құрылымын несие операциялары үлесіне өзгертуі байқалады. Банктің пассивтеріндегі халықаралық қарыз алу үлесі қысқартылғандықтан бұл өзгеріс банктің төлемпаздығына зиянын тигізген жоқ.

2008 жылдың І тоқсанында 2,1% -ға өсіп, 463 млрд. теңгеге ($3,8 млрд.) жеткен меншікті капиталының көлемі бойынша БТА ҚР ЕДБ арасында тағы да көш басында келеді.

2008 жылдың І тоқсанындағы қорытынды бойынша банктің несие қоржыны 2 401 млрд. теңгені ($19,9 млрд.) құрады. Банк шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендірудің перспективалық және тиімділігі жоғары бағыттарын кеңінен дамытып келеді. Несиелердің резервтермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 2007 жылдың соңындағы 5,4%-дан 2007 жылдың бірінші тоқсанының соңында 6,3%-ға өсті.

2008 жылдың І тоқсанындағы банктің міндеттемелері 3,1%-ға, 2 701 млрд. теңгеге дейін ($22,4 млрд.) өсті. Бұл көрсеткіш клиенттер депозиттерінің 18,2 млрд. теңгеден 670,7 млрд. теңгеге ($5,6 млрд.) өсуіне орай артып отыр, оның 13,6 млрд. теңгесі жеке тұлғалар депозитінен келіп түседі. Бұл Қазақстанның қаржы секторындағы қиындықтарға қарамастан клиенттердің банкке деген сенімдерінің жоғалмағандығын көрсетеді. Банк 2008 жылдың наурыз айында $530,9 млн. қарызды және $15 млн. сыйақыны төлеп, халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерін ойдағыдай орындады. Бұл 2008 жылы өтелуге тиісті төлемдердің ішіндегі ең ірісі болып табылады.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша БТА-ның шоғырландырылған таза пайдасы 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 25%-ға артып, 15,6 млрд. теңгені ($129 млн.) құрады. Таза пайда таза пайыздық кірістердің артуы есебінен өсті.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА стратегиялық серіктес банктері Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері бар.
БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 283 бөлімшесі), сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар және 1,2 млн жеке меншік және 95,6 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.
БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ баспасөз хатшысы
+7 (727) 266-47-97
e-mail: dosymov@bta.kz
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz