Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

СлавинвестБанк өз атауын БТА Банкі атауына өзгертеді

10.06.2008

2008 жылдың 4 маусымында «СЛАВИНВЕСТБАНК» ЖШҚ-ның өз атауын «БТА Банкі» ЖШҚ-ға өзгертуіне байланысты, оның құрылтайшылық құжаттарына өзгерістер енгізілді.  

Банк атауын өзгерту – стратегиялық ребрендинг бағдарламасы кезеңдерінің бірі, оның нәтижесінде СлавинвестБанк және оның ТМД-ның 9 еліндегі стратегиялық серіктес банктері бірыңғай БТА брендіне өтеді, «БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) оның жүйе қалыптастырушы орталығы болып табылады.

Келесі қадам  – 2008 жылдың маусым айының аяғына дейін «БТА Банкі» АҚ-ның (Қазақстан) «БТА Банкі» ЖШҚ-ның (Ресей) жарғылық капиталының 51%-дан астам үлесін сатып алуы және соңғы аталған банктің Ресей Федерациясы аумағында әрекет ететін еншілес банк мәртебесін алуы. Стратегиялық ребрендинг жоспарын жүзеге асырудың нәтижесіне «БТА Банкінің» халықаралық қаржылық брендін қалыптастыру жатады.  2015 жылға дейін даму стратегиясы БТА-ның ТМД нарығының шешуші жайғасымдарға шығуын және Ресейдегі банктік қызметтер нарығының кем дегенде 2%-ын   жаулап алуын болжайды. 2008 жылға арналған банк басымдықтары қатарына Мәскеу мен Санкт-Петербургте желінің 50 –ден астам бөлімшеге кеңеюі және БТА тобының технологиялары мен әзірлемелерінің белсенді түрде енгізілуі кіреді.

2008 жылдың күзіне қарай банк өзінің барлық кеңселерін қайта ресімдеуді жоспарлап отыр. БТА Банкінің өз қызметін жүргізетін барлық елдерде көзге түсетін (визуальды) атрибуттарының біртұтастығы, сондай-ақ бірегей халықаралық мүмкіндіктер ресейлік клиенттерге өздерін 9 елдегі «өз» банкінің клиенті ретінде  сезінуге мүмкіндік береді. 

Ұзақ мерзімді жоспарда – БТА-ның ортақ логотипімен ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсету стандарттарымен, өнімдерімен, бизнесті жүргізу қағидаларымен де ортақтасқан халықаралық банктік брендті қалыптастыру.

2007 жылы «БТА Банкі» АҚ-ның (Қазақстан) барлық стратегиялық серіктес банктерінің жиынтық пайдасы өткен жылдың көрсеткішінен 65,6%-ға артып, 538 млн. АҚШ долларын құрады.

2007 жылдың нәтижесі бойынша жиынтық активтер бір жыл ішінде 47,7%-ға ұлғайып, 25,5 млрд. АҚШ долларын, ал меншікті капитал – 2006 жылдың көрсеткіштерінен 2,3 есеге артып, 3,8 млрд. долларды құрады.

БТА тобы – бұл ТМД-дағы және алыс шетелдегі 10 стратегиялық серіктес банктің жоғары сапалы қызмет көрсетумен және озық технологиялармен үйлескен  жұмыс  тәжірибесі.
Бүгінгі таңда  БТА тобы – серіктес банктердің өз қызметін жүргізетін 9 елдегі 2 миллионнан астам клиенттер. БТА Банкі Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Грузия, Қазақстан сияқты елдердің жетекші қаржылық институттары арасында лайықты орын алады.  БТА Банкінің өкілдіктері БАӘ-де және Қытайда ашылған.
«БТА Банкі» ЖШҚ-ның Ресейдегі филиалдар желісі 9 филиалдан және 21 қосымша офистен тұрады.  

БТА Банкінің Баспасөз қызметі
тел.  (495) 363 09 09 (доб. 21361)
pr@btabank.ru