Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ақпараттық хабарлама

11.06.2008

«БТА Банкі» АҚ-ның басшылығы мен ұжымын Ұлы Тұлға және Кемеңгер жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың жарық дүниемен қоштасуы қатты күйзелтті.

Халықта ұлы адамның екі жүрегі болады, оның бірі – қансырап тұрса, екіншісі – соған төзіп тұрады деп айтады. Айтматов шығармаларымен бірнеше ұрпақ сусындап өсті. Оның шығармашылығының әрбір беті бүкіл адамзатты өз ата-тегіңді ұмытпауға, адами құндылықтарды бағалауға және ар-ожданыңды сақтауға шақырған үндеуі іспеттес болды. Оның кейіпкерлері осы қағидаларды дәріптеу құқығы үшін қаншама қиындықтардан өтеді, бірақ та оларды Махаббат, Мейірімділік және Адамгершілік сезімдері қанаттандырады.

Біз оның замандастары болғанымызды мақтан етеміз. Шыңғыс Айтматов – тек қана кеңестік емес, сонымен бірге дүниежүзілік әдебиеттің ең жарық жұлдыздарының бірі. Дәл осы кісінің арқасында Орталық Азия мен Қазақстанның мәдени кеңістігі бүкіл әлемге танылды. Ол XX ғасырда өзінің шығармашылық жолындағы жан тебірентер алғашқы прозасы арқылы біздің аймақтағы халықтың ішкі жан-дүниесін терең таныта білді.

Көптеген беделді ресейлік және халықаралық сыйлықтар лауреатының кітаптары 176 тілге аударылып, әлемнің 128 елінде жарық көрген. Олардың жалпы таралымы 80 миллион данадан асты.

Біз Шыңғыс Төреқұлұлының Директорлар Кеңесі құрамына кіру ұсынысымызды қабылдағанын мақтаныш етеміз. Өзі өмірден өтсе де, өзіне деген жоғары талаптың белгісіндей болған осы Ұлы тұлғаның Есімі бізге БТА-ның әлеуметтік мақсаткерлігін жүзеге асыруға – бірегей еуразиялық және тарихи кеңістікті сақтау мен дамытуға күш-жігер береді.

Біздің көптеген бірлескен жобаларымыз болды. Кейбіреуін жүзеге асырып үлгірдік. Таяу арада БТА сіздерге Шыңғыс Айтматовтың әлі жарық көріп үлгірмеген туындылары да енген шығармаларының алғашқы толық жинағын ұсынады. Ш. Айтматовтың шығармашылық жолы жайында «Ғасырға тең бір күн» атты документальды фильмді түсіру жұмысы аяқталуға жақын. Фильмді түсірумен танымал ресейлік режиссер Рауф Мамедов және «РТР» ТРК-ның түсіру тобы айналысып жатыр.

БТА-ның Директорлар Кеңесі «Үлкен кітап» Ұлттық сыйлығының қазылар алқасына осы номинацияны 80 жылдық мерейтойы құрметіне Шыңғыс Айтматовқа беру жөнінде ұсыныс жасағалы отыр.

БТА Банкі Шыңғыс Төреқұлұлының жадында жүрген барлық ой-пікірлерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салады.

Біз Жазушының отбасының және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Шыңғыс Төреқұлұлының есімі мәңгі ұмытылмайды.

БАҚ-мен байланысу үшін:
Әділ Досымов, «БТА Банкі» АҚ-ның баспасөз хатшысы
8 (727) 266-47-97
e-mail: dosymov@bta.kz