Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банк» ЖШҚ АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы бойынша импорттық келісім-шартты қаржыландырды

20.06.2008

2008 ж. маусымда «БТА Банк» ЖШҚ, Ресей (бұрынғы атауы «СлавинвестБанк») алғаш рет АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің GSM-102 мемлекеттік бағдарламасына қатысты, яғни 3 жылдық мерзімге 4,1 миллион АҚШ доллары сомасына клиенттің американдық ауыл шаруашылығы өнімін Ресейге импорттау келісім-шартын қаржыландырды.

Қаржыландырушы банк: CoBank, ACB, Денвер, АҚШ.

БТА Банк АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Тауар-Несие Корпорациясымен (Credit Commodity Corporation) GSM-102 экспорттық несие кепілдіктері бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге уәкілетті ресейлік банктер тізіміне енгізілді.

GSM-102 бағдарламасы – АҚШ-тан РФ-на және басқа елдерге тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдері импорттаушыларын қолдау бағдарламасы, ол импорттаушыға Тауар-Несие Корпорациясы кепілдігіне тауарлық несиені беруді көздейді.