Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ қазақстандық банк жүйесінің көшбасшысы деп танылды

03.07.2008 / Баспасөз орталығы

БТА Банкі активтерінің, меншікті капиталының және таза кірісінің көлемі бойынша The Banker басылымы жыл сайын өткізетін дүние жүзіндегі банктердің «ТОП 1000» рейтингіне сәйкес Қазақстандағы ірі банк болып табылады. Бұл туралы 2 шілде күні Лондонда өткен «Қазақстан: дамудың жаңа көкжиектері» атты халықаралық конференцияда мәлім болды.

Сонымен бірге БТА Банкі өткен жылмен салыстырғанда 122 позицияға жоғарылап, үстіміздегі жылы 173 орынды иемденіп, әлемдегі үздік банктердің «ТОП 200» қатарына енді.

Осылайша бір жыл ішінде 100-ден астам позицияға көтерілген әлемдік банктермен бірге БТА Банкі екінші жыл қатарынан «Жыл топ жарғандары» рейтингіне қосылды.


Батыс Еуропадағы ең ірі беделді форумдарды ұйымдастырушылардың бірі Adam Smith Conferences компаниясы БТА Банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязовты батыстың ірі компанияларымен және жетекші іскерлік басылымдармен арнайы кездесуге шақырды.

«Осыдан 10 жыл бұрын тұрғындардың банкке деген сенімі төмен кезде БТА Банкінің алдында қазақстандық нарықтағы көшбасшы позициялардың бірін иемдену міндеті тұрды. Біз бұған қол жеткіздік. Кейінгі 10 жыл ішінде банктің активтері 225 есеге, ал капиталы 463 есеге өсті. Осылайша БТА Банкі 2008 жылы 1 қаңтарда меншікті капиталының көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банк атанып, ТМД-дағы ірі банктер бестігіне енді. Халықаралық нарықтардағы өтемпаздық дағдарысына тәуелділіктен тиімді түрде, мемлекеттің қолдауынсыз өткенімізді естеріңізге сала кетейін. Біз алға қойған мақсатқа жете білудегі табандылығымызды дәлелдедік. Бүгінгі таңда БТА Банкі жетекші халықаралық қаржы тобы болуды көздеп отыр», - деп атап өтті М. Әблязов.

2007 жылы БТА Банкі ребрендинг үдерісіне кірісті. БТА тобының даму стратегиясы халықаралық, әмбебап және банк конгломераты өнімдерін ұсынатын барлық елдерде түсінікті жаңа брендті қажет етті. Осылайша БТА Тобына кіретін барлық банктер мен қаржы институттары үстіміздегі жылдың өзінде бірыңғай брендке, сонымен қатар бизнесті жүргізудің және клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарына да біріктірілетін болады. БТА-ның ерекше артықшылықтары – ТМД елдеріндегі қазіргі заманғы банктік технологиясы бар кең желісі мен Еуразияның әр аймағының ерекшеліктерін білуі Топтың ТМД-ның ішкі ресурстарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді. 2007 жылы БТА-ға тұңғыш рет еншілес банктер қызметінен пайда түсе бастады.

«Тек Ресейдің өзінен біз алдағы екі жыл ішінде 4 млрд. доллар жеке тұлғалар депозитін және осыншама корпоративтік клиенттер депозитін жинаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Әблязов мырза.

Бұл кездесуде БТА Банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы батыс елдердің сарапшыларының Қазақстандағы дефолттың ықтималдығы жөніндегі болжамдарының жалған екенін мәлімдеп, дағдарыс кезінде дефолт пен банк жүйесіндегі банкроттың болмауы банк жүйесінің айтарлықтай беріктігін дәлелдейтінін атап өтті.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ доллары) жетіп, 3 пайызға, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті. БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ доллары) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша осы мерзімдегі көрсеткіштен 25 пайызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Украинада, Ресейдің 4 аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі), сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.


БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскерлік журналы БТА Банкін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктері рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.