Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ержан Тәтішев Қорының 2008 жылғы білім бағдарламаларының үміткерлерін іріктеудің соңғы сәті

10.07.2008

Жаз......Бұл мезгіл көпшілік үшін еңбек немесе оқу демалысы, кейбіреулеріне каникул уақыты болып табылады. Ал жеке тұлғаның қалыптасу кезіндегі кейбір азаматтар үшін бұл өмірдегі ең белсенді де, маңызды кезең. Өйткені түлектер мектеп қабырғасынан шығып, болашақ жайлы, өздерінің әрі қарай білім алуы, мансабы, болашағы жайлы сезімдерге - толғаныс пен тебіреніске толы өтпелі кезеңдердің бірін бастан кешеді...

Жаз айлары Ержан Тәтішев Қоры қызметкерлерінің жұмысы қызатын қарбалас кезеңдердің бірі. Өйткені дәл осы кезде Қордың жастар арасында өткізген үш бірдей білім беру бағдарламаларының соңғы іріктеу турлары өтеді. Бұл Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау Институтында, Халықаралық Экономика және Әлеуметтік Ғылымдар Мектебінде және Халықаралық Бизнес Университетінде экономика – қаржы мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алуға негізделінген білім бағдарламасы. Бұл Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде бакалавр дәрежесін алуға ниеттенген балалар үйінің балаларына арналған арнайы білім бағдарламасы. Бұл орта кәсіби білім алуға ниеттенген мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған арнайы білім бағдарламасы.

Аталған үш бағдарламаның ортақ мақсаты – болашақта жеке тұлға ретінде қалыптасуына және кәсіби жетістіктерге жетуге әсерін тигізетін оқу жүйесіндегі білімді алуға ұмтылатын талантты, дарынды, өмірлік ұстанымдары берік жастарға мүмкіндіктер беру.Ержан Тәтішев Қоры жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан білімпаздарға гранттар ұсынады, сондықтан да үміткерлер іріктеу кезеңдерінде барлық жағынан сынға алынады. Соңғы кезең адамның жан дүниесін толғандыратын іріктеу байқау кезеңі болып есептеледі, өйткені бұл кезеңге мықтылардың мықтысы ғана жиналады. Олар аталған гранттың иесі болу үшін өздерін өте жоғары дәрежеде көрсетулері қажет.

Мінеки, іріктеу туры да өз мәресіне жетті. Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар жинау, ЖОО-ға түсу үшін емтихандар тапсыру, іріктеу кезеңдерінен өту сияқты міндеттердің бәрі де артта қалды. Кез келген үміткер Қор бағдарламаларына сәйкес талаптар мен критерийлер бойынша жан-жақты сынға алынады. Сонымен жеңімпаз болуға үміткерлер үшін байқаудың соңғы қорытынды шешімін күтіп, алақайлап қуану ғана қалды.