Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ исламдық қаржыландыру несиесінің екінші траншын өтеді

21.07.2008

БТА Банкі кестеге сәйкес 2006 жылы 2 жыл мерзімге тартылған 63 млн. АҚШ доллары көлеміндегі маржасы 70 базистік пунктті құраған Исламдық қаржыландырудың екінші траншын төледі.

Мәмілені Calyon Bank пен Abu Dhabi Islamic Bank ұйымдастырды, олар сондай-ақ Шариғат пен Мудариб заңдары жөніндегі кеңесші де болды.

Қарыздың жалпы сомасы 200 млн. АҚШ долларын құрады. Маржасы 40 базистік пунктті құраған 137 млн. АҚШ доллары көлеміндегі бірінші жылдық транш 2007 жылдың шілде айында төленген болатын.

Бұл несие желісіндегі қаржы БТА клиенттерін Шариғат принциптеріне сай қаржыландыруға пайдаланылды.

Бұл қарызды өтеу БТА Банкінің өзінің барлық міндеттемелерін дәл уақытында орындауға қабілетті екенін тағы да көрсетті.

Осылайша ағымдағы жылы БТА Банкі 623, 9 млн. АҚШ доллары сомасындағы сыртқы қарыздарды өтеді. Жыл соңына дейін БТА 574, 4 млн. АҚШ долларын өтеуі тиіс, бұл банк активтерінің 2,3% -ын құрайды.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ долларына) жетіп, 3 пайызға, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті.
БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ доллары) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 25 пайызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейдің 4 аймағында, Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді. БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

The Banker беделді іскер журналы БТА-ны әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты. БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
+7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz