Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей) жарғылық капиталындағы үлесін арттырды

23.07.2008

«БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей, бұрынғы атауы «Славинвестбанк») жарғылық капиталындағы өзінің қатысу үлесін 15,6% -дан 52,84%-ға дейін арттырды. Осылайша қазақстандық БТА Банкі ресейлік БТА Банктің жарғылық капиталындағы ірі қатысушы болды.

Бұл мәміле нәтижесінде «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей) БТА Банкінің (Қазақстан) еншілес банкі мәртебесін иеленді.

БТА үшін бұл активтерді шоғырландыру үдерісін жүзеге асырудағы кезекті қадамдардың бірі болып табылады, ол Қазақстан мен ТМД-ның қаржы нарығында басталған қатаң бәсекелестікпен шарттасылған.

2015 жылға арналған БТА Даму стратегиясы банктің ТМД нарығының негізгі позициясына шығып, атап айтқанда Ресейде банк қызметтері нарығының кем дегенде 2 пайызына қол жеткізуді қарастырады.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ долларына) жетіп, 3 пайызға, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті.
БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ доллары) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 25 пайызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейдің 4 аймағында, Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді. БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

The Banker беделді іскер журналы БТА-ны әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты.
БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

01.07.08 күнгі «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей) активтері 2 541 млн.АҚШ долларына, капиталы 307 млн. АҚШ долларына жетті. Ресейдегі «БТА Банк» филиал желісінің 9 филиалы және 21 қосымша кеңсесі бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін Мәскеудегі желісін ұлғайтып, Санкт-Петербордағы желісін 50-ден астам бөлімшеге арттыруды жоспарлап отыр.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
тел: +7 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz