Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

26.08.2008
Бұдан былай «Лондон-Алматы» СК қызметтеріне Интернет-банкинг арқылы қол жеткізуге болады
БТА Банкінің клиенттері сақтандыру полисін онлайн тәртібі арқылы ресімдеудің бірегей мүмкіндіктеріне ие болды. БТА төлем картасының иелері уақыттарын үнемдеумен бірге сақтандыруда 15 % жеңілдікке ие болады.

22.08.2008
Хабарлама «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2008 жылғы 22 қыркүйекте 10 сағат 30 минутта, ал акционерлерді тіркеудің басталуы 10.00 сағатта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат.

21.08.2008
Fitch Ratings «БТА Банкі» АҚ еншілес компаниясының рейтингін көтерді
Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «БТА Банкі» АҚ Ресейдегі еншілес банкі «БТА Банк» ЖШҚ дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингін «B-»-тен «B+»-ке көтергені туралы хабарлады. Сонымен қатар эмитенттің ұлттық рейтингі тұрақты болжаммен «А-» деңгейіне көтерілді. Банктің басқа рейтингілері: эмитент дефольтының қысқа мерзімді рейтингі (ЭДР) «В» және жеке рейтингі «D/E» деңгейлері бойынша расталды.

07.08.2008
Аяулы ханымдар!
2008 жылғы 15 тамыз күні сағат 16.00-де (Алматы уақыты) «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көш., 97, А1 блогы мекен-жайында: «АвтоЛеди» акциясы аясында бағалы сыйлықтардың орталықтандырылған ұтыс ойындары өтетінін хабарлаймыз.