Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Fitch Ratings «БТА Банкі» АҚ еншілес компаниясының рейтингін көтерді

21.08.2008

Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «БТА Банкі» АҚ Ресейдегі еншілес банкі «БТА Банк» ЖШҚ дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингін «B-»-тен «B+»-ке көтергені туралы хабарлады. Сонымен қатар эмитенттің ұлттық рейтингі тұрақты болжаммен «А-» деңгейіне көтерілді. Банктің басқа рейтингілері: эмитент дефольтының қысқа мерзімді рейтингі (ЭДР) «В» және жеке рейтингі «D/E» деңгейлері бойынша расталды.

Агенттіктің мәлімдемесінде атап өтілгеніндей, рейтингінің бірден екі пунктке көтерілуіне БТА Банкінің (Қазақстан) БТА Банк (Ресей) акциясының 52 пайызын сатып алу мәмілесінің аяқталуы ықпал еткен. Ұзақ мерзімді ЭДР-дың «қолдау деңгейі жоқ» қолдау деңгейі қайта шақырылды, енді БТА Банк (Ресей) БТА Банкінің (Қазақстан) мажоритарлық меншігінде, толығымен осы банктің қаржылық есебіне шоғырландырылатын болады және институциональды акционер тарапынан зор қолдауға ие бола алады.

БТА Банк (Ресей) жеке рейтингінің жоғарылауына клиенттік базаны әрі қарай нығайту және сатып алғаннан кейін қорландыру көздерін несие тәуекелдігінің тиімді деңгейіне сәйкес әртараптандыруды арттыру сияқты факторлар ебепші бола алады. БТА Банктің акционерлері Ресейде өз өнімдерін ұсынуды әрі қарай жалғастыруға бел байлағандарын ескеретін болсақ, жарияланған болжамдар айтарлықтай нақты екеніне көз жеткіземіз.

Сонымен қатар рейтингілер банктің табысының жақсы көрсеткішін, несиенің құнсыздануының бүгінге дейін біркелкі деңгейі мен баламалы капиталға айналуын да ескереді.

Бірден позитивті түрде қайта қаралған БТА Банктің (Ресей) рейтингі барша БТА Тобының әрі қарай дамуына және белсенділігіне септігін тигізбек, ең бастысы сандаған клиенттердің алдында сенімділікті нығайтпақ.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ долларына) жетіп, 3 пайызға өсті, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті. БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ доллары) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 25 паызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейдің 4 аймағында, Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді. БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 280 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

The Banker беделді іскер журналы БТА-ны әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты. БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша 2006-2007 жылдары «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

«БТА Банк» ЖШҚ (Ресей), бұрынғы «СЛАВИНВЕСТБАНК» ЖШҚ – корпоративтік бизнестің, жеке кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсететін және жеке тұлғаларға өз қызметтерін ұсынатын әмбебап банк. «БТА Банк» ЖШҚ филиал желісі Ресейде 9 филиал мен 22 қосымша кеңселерді қамтиды. Банктің капиталы 2007 жылы 154%-ға өсіп, 6,57 млрд рубльді құрады. Банктің таза пайдасы 2007 жылы 188,65%-ға өсіп, 625,5 млн рубльді құрады. Банктің активтері 2007 жылы 30,97%-ға өсіп, 34,7 млрд рубльді құрады.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz