Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Бұдан былай «Лондон-Алматы» СК қызметтеріне Интернет-банкинг арқылы қол жеткізуге болады

26.08.2008

БТА Банкінің клиенттері сақтандыру полисін онлайн тәртібі арқылы ресімдеудің бірегей мүмкіндіктеріне ие болды. БТА төлем картасының иелері уақыттарын үнемдеумен бірге сақтандыруда 15 % жеңілдікке ие болады.

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы сақтандырудың төрт түрін ұсынады: жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қайғылы оқиғалардан сақтандыру. Алматы мен Астана қалалары бойынша сақтандыру полисі тегін жеткізіледі.

Интернет-банкинг жүйесі арқылы сақтандыру полисін алу үшін Сіз www.bta.kz сайтына тіркелуге тиіссіз, әрі қарай «Қызметтер» бөлімінің «Сақтандыру» сілтемесін басыңыз.

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ «БТА Банкі» АҚ-ының еншілес компаниясы болып табылады. Компания 11 жылдан бері табысты қызмет етіп келеді, осы уақыт ішінде өз клиенттері мен серіктестерінің зор сеніміне ие болды. Компанияның саясаты бірінші кезекте барлық келісімдердің халықаралық қайта сақтандыру нарығында орналастырылуын қамтамасыз ететін сақтандыру орнын толтырудың сенімділігіне бағытталған. «Лондон-Алматы» СК қайғылы оқиғаға тап болған жағдайда да өз клиенттеріне төлемақы 100% төленетініне кепілдік береді. Дәл осы мақсатта 60 млн. доллар лимитпен CAT XОL қайғылы оқиғалар шығындарының орнын толтыру бағдарламасы сатып алынды.

Клиенттердің мүліктік тәуекелдіктері қаржылық тұрақтылықтың АА рейтингі бар компаниялар тарапынан кепілдік берілетін бір тәуекелдік базасында (Risk XOL) шығынның артуын қайта сақтандыру шарты арқылы автоматты түрде қайта сақтандырылады.

01.04.2008 жылғы жай-күйі бойынша компанияның активтері 95 млн-ға жуық, меншікті капиталы 56 млн. доллар, таза табысы шамамен 2 млн. АҚШ долларына жетеді.

«Exclusive» журналы жүргізген зерттеулер бойынша «Лондон-Алматы» СК зор беделімен Қазақстанның таңдаулы 50 компаниясының құрамына енді. 2006 жылы компания ИСО 9001:2000 сапа сертификатына ие болды.