Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

24.09.2008
HSBC халықаралық даму стратегиясын әзірлеуде «БТА Банкінің» кеңесшісі қызметін атқарады
HSBC Bank plc БТА бизнесін стратегиялық кеңейту мәселелері бойынша «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының кеңесшісі қызметін атқарады, банк тобы бірегей аумақтық желісі арқылы ТМД аумағындағы ірі жеке меншік қаржы тобы болуды көздеп отыр.

24.09.2008
24-25 қыркүйек күндері 30-ға жуық елден келген 500-ден астам адам IX Алматы банкаралық конференциясына қатысады
24-25 қыркүйек күндері Алматыда «InterContinental Hotel – The Ankara in Kazakhstan» қонақүйінде «БТА Банкі» АҚ-ының ұйымдастыруымен әлемдік банк және қаржы қоғамдастығының басқосуы – IX Алматы банкаралық конференциясы (АБК) өтеді.

18.09.2008
БТА Банкінің ұлттық жобасы аясында еліміздің қоғамдық-саяси қайраткері Мұстафа Шоқай «Петербург тұлғасы» медалімен марапатталды
Санкт-Петербург қаласының наградалар бойынша салааралық біріккен комитеті мен гуманитарлық қоры Санкт-Петербургтің ғылым, мәдениет және өнер салаларының дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін қоғамдық-саяси қайраткер, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, публицист Мұстафа Шоқайды «Петербург тұлғасы» («Личность Петербурга») медалімен марапаттады.

17.09.2008
«БТА Жизнь» және «БТА Забота» компаниялары Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Әнуар Айжолов тағайындалды
Директорлар Кеңесінің шешімімен БТА Банкінің «БТА Жизнь» және «БТА Забота» еншілес сақтандыру компаниялары Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Әнуар Тұрсынұлы Айжолов тағайындалды.

12.09.2008
«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтты
2008 жылдың 6 айындағы қаржы есебі бойынша БТА-ның активтері 2,3 млрд. долларға (9,5%) өсіп, 3.356 млрд. теңгені (27,8 млрд. $) құрады. Ағымдағы жылғы табыстың өсуіне қарай баланстық капитал 4,9%-ға өсіп, 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады.

08.09.2008
«БТА Банкі» АҚ мен Қазақстандағы Қытай Банкі ынтымақтастық келісіміне қол қойды
2008 жылғы 8 қыркүйек күні Алматы қаласында «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры Тимур Сабырбаев пен «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасы Тянь Вэй халықаралық бизнесті дамыту мен корреспонденттік шотты ашу саласы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

05.09.2008
БТА Банкі АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру семинарына демеушілік жасады
5 қыркүйек күні БТА Банкінің қолдауымен Алматыда АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің және Қазақстан мен ТМД нарығына кеңінен таралған John Deere (АҚШ) ауыл шаруашылығы құрал-жабдығын өндіруші компанияның қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру жөніндегі семинарға демеушілік жасады.

04.09.2008
Ержан Тәтішев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге артты
3 қырқүйек күні Ержан Тәтішев атындағы Қордың 2008 жылғы стипендианттарын марапаттау рәсімі болып өтті. Үстіміздегі жылы Қор шәкіртақы иегерлерінің санын 4 есеге арттырды. Олардың арасында балалар үйлерінің түлектерімен бірге мүмкіндіктері шектеулі балалар да бар.