Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Ержан Тәтішев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге артты

04.09.2008

3 қырқүйек күні Ержан Тәтішев атындағы Қордың 2008 жылғы стипендианттарын марапаттау рәсімі болып өтті.

Үстіміздегі жылы Қор шәкіртақы иегерлерінің санын 4 есеге арттырды. Олардың арасында балалар үйлерінің түлектерімен бірге мүмкіндіктері шектеулі балалар да бар.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың орта кәсіби білім алуы үшін 10 грант бөлінді. Қордың атынан 6 түлек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті мен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінде бакалавр дәрежесі бойынша оқу мәртебесіне ие болды. Сонымен қатар 6 талантты жас түлек қаржы - экономика мамандықтары бойынша ҚМЭБИ-да, Халықаралық Экономика және Әлеуметтік ғылымдар халықаралық мектебі мен Халықаралық Бизнес университетінде бакалавр дәрежесі бойынша білім алу шәкіртақысын иеленді. Өткен жылғы 6 шәкіртақы иегерлерін қосқанда Қор стипендиаттарының барлығы 28 адамға жетті. Ержан Тәтішев атындағы қор жыл сайын шәкіртақы мен бағдарламалар санын арттырып және 3 жыл ішінде 100 немесе одан да көп үміткерлерге қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Үстіміздегі жылы Қор білім алуға мүмкіндіктері аз балалар үйлерінің түлектері мен мүгедектерге арналған 2 жаңа бағдарламаны жүзеге асырды. Бұл отандық меценаттардың мүмкіндігі шектеулі жандарға мақсатты және жүйелі қолдау көрсетудегі тұңғыш тәжірибесі болып табылады. Қолдауды қажет ететін болашағы зор, талантты жас мамандардың өте көп екеніне көз жеткізе келе Қор басшылығы өз бағдарламаларының аясын кеңейтіп, қоғамның әр деңгейдегі өкілдеріне білім алуға көмектеседі.

Білім бағдарламаларына арналған Қор бюджеті тиісінше өсіп отырады. Қазіргі таңда жұмсалатын 19 млн. теңге қаржылай қолдау көрсету көлемін 3 жыл ішінде 80 млн. теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ержан Тәтішев Қорының шетелмен бірлескен қызметін жақсартып, Қазақстанның білім саласындағы беделін нығайтып, ТМД елдерінің дарынды стипендианттарын шақыру арқылы «қосымша интеллектуалды импортпен» айналысу да көзделіп отыр.

Еске сала кететін бір жайт, Қордың шәкіртақысына жыл сайын төленетін оқудың ақысы, тұратын орны мен қаланың сыртында тұратындар үшін жол шығыны төленеді. Демек, Қор стипендианттары білім алу кезінде жан-жақты қаржымен қамтамасыз етіледі. Алайда Қор шәкіртақысын иелену үшін кандидаттар екі күрделі байқаудан, қатаң бәсекелестіктен өтеді. Мысалы, қаржы-экономика мамандықтары бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін гранттар бағдарламасының бірінші кезеңінде Қазақстанның бүкіл аймағынан, шетел азаматтарымен қосқанда 67 адам қатысты. Екінші кезеңге 26 адам ғана өтті. Қорытынды бойынша ең лайықты деген алты адам таңдап алынды. Жалпы Ержан Тәтішев Қорының стипендиясын алуға барлығы 183 өтініш түскен болатын.

Стипендианттарды іріктеу критерийлері: академиялық үлгерімі, ие болған сыйлық тары мен марапаттаулары, қоғамдық қызметі, отбасының қаржылық жағдайы, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттері, топпен жұмыс істеу қабілеті, қиын жағдайларда шешім қабылдай білуі, байланыс машықтары, жобалары, сөйлеу және жазу шешендігі, жаңашылдығы, интеллект деңгейі мен жалпы мәдениеті, белсенділігі мен еңбекке қабілеттілігі, өз болашағын айқын жоспарлай білуі.

Қосымша ақпараталу үшін:

Асқар Қалиев, тел.: (727) 266 7989, ұялы тел.: +7 701 7148024
a_kaliev@bta.kz  
www.tatishevfoundation.kz