Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру семинарына демеушілік жасады

05.09.2008

5 қыркүйек күні БТА Банкінің қолдауымен Алматыда АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің және Қазақстан мен ТМД нарығына кеңінен таралған John Deere (АҚШ) ауыл шаруашылығы құрал-жабдығын өндіруші компанияның қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру жөніндегі семинарға демеушілік жасады. Семинар АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің қаржы механизмдері арқылы, атап айтқанда, екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық жасау арқылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы бизнесті дамытуға арналды. Семинарды АҚШ елшілігінің коммерциялық қызметі мен Қазақстандағы Америкалық сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.

Семинарға қатысушылар сауданы қаржыландыру бойынша БТА ұсынатын қаржы құралдарымен, сондай-ақ, АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің кепілдігімен АҚШ-тан тауарлар мен қызметтерді орташа және ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуға пайдаланылуы мүмкін бірқатар бағдарламалармен танысуға мүмкіндік алды.

Ақпарат үшін, бірінші мәмілені БТА Банкі АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің кепілдігімен 2000 жылы жүзеге асырды. Бірнеше жылдардан бері БТА Банкі мен АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкі табысты ынтымақтастық жасасып келеді, Эксимбанктің кепілдігімен БТА клиенттеріне қаржыландыруды ұсынудың түрлі сызбаларын кеңінен қолданып келеді.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ долларына) жетіп, 3 пайызға өсті, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті. БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ долларын) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 25 пайызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейдің 4 аймағында, Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

2008 жылы The Banker беделді іскер журналы «БТА Банкі» АҚ-ын әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты. 2006-2007 жылдары БТА беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.