Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ мен Қазақстандағы Қытай Банкі ынтымақтастық келісіміне қол қойды

08.09.2008

2008 жылғы 8 қыркүйек күні Алматы қаласында «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры Тимур Сабырбаев пен «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасы Тянь Вэй халықаралық бизнесті дамыту мен корреспонденттік шотты ашу саласы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Аталмыш құжатқа қол қою «БТА Банкі» АҚ клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер береді. Қол жеткізген уағдаластықтың арқасында «БТА Банкі» АҚ қызметтері арқылы Қазақстаннан Қытайға ақша аудару 3 күнде емес, 1 күн ішінде жүзеге асады.

«БТА Банкі» АҚ сияқты мұндай белсенді және табысты қаржы саласының қатысушысы үшін өзінің халықаралық қызметін кеңейтуге құлшыну және өз клиенттерінің қызығушылығы мен бизнесіне бейімделу заңдылық. Біз қазіргі жағдайда Қытай нарығына шығу бойынша стратегиялық жоспарды басшылыққа алады. Қазақстандағы Қытай Банкімен келісімге қол қою – бұл аталған стратегияны жүзеге асырудың маңызды кезеңі», - деп атап өтті Тимур Сабырбаев.

Қытайдың сауда-экономикалық және қаржы саласының өзара іс-қимылының даму беталысын ескерсек, «БТА Банкі» АҚ үшін нарықтың бұл түрі ұзақ мерзімді халықаралық ынтымақтастықтың ең перспективалық бағыттарының бірі болмақ.

"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі болып табылады. БТА-ның 2008 жылдың 1 тоқсанындағы шоғырландырылған активтері 2008 жылдың 1 сәуірінде 3 164 млрд. теңгеге (26,2 млрд. АҚШ долларына) жетіп, 3 пайызға өсті, капиталы - 2,1%-ға өсіп, 463 млрд. теңгеге (3,8 млрд. АҚШ доллары) жетті. БТА-ның шоғырландырылған таза кірісі 1 тоқсандағы қорытынды бойынша 15,6 млрд. теңгені (129 млн. АҚШ долларын) құрады, яғни 2007 жылдың 1 тоқсанындағы қорытынды бойынша сәйкес мерзімдегі көрсеткіштен 25 пайызға артты.

БТА стратегиялық серіктес банктері Ресейдің 4 аймағында, Украинада, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет етеді. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді.

БТА Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

2008 жылы The Banker беделді іскер журналы «БТА Банкі» АҚ-ын әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты. 2006-2007 жылдары БТА беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.

Қытай Банкі 700 млрд. АҚШ долларынан астам активтерімен және 40 млрд. доллар капиталымен әлемдегі ірі банктер ондығы қатарына кіреді. Қытайда 13 мыңнан астам бөлімшелері және әлемнің 25 елінде 550 өкілдігі бар, қызметкерлерінің саны 210 мың адамнан асады. Қазақстандағы Қытай Банкі 1993 жылы ашылды.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова, «БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64
e-mail: shamova@bta.kz