Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтты

12.09.2008

Активтер мен  капитал. 2008 жылдың 6 айындағы қаржы есебі бойынша БТА-ның активтері  2,3 млрд. долларға (9,5%) өсіп, 3.356 млрд. теңгені (27,8 млрд. $) құрады. Ағымдағы жылғы табыстың өсуіне қарай баланстық капитал 4,9%-ға өсіп,  474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады.

БТА Қазақстандағы ең көп капиталдандырылған банктердің бірі болып отыр. Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген топтың капиталының жеткіліктілік коэффиценті 19,8%-ды құрады. Бұл қазақстандық банктер үшін ғана емес, шетелдік қаржы институттары үшін де жоғары көрсеткіш болып табылады.

Қорландыру. Активтер өсімінің негізгі факторларының бірі - ішкі нарықтардан депозиттерді тарту. 2008 жылдың 1 шілдесінде БТА клиенттерінің депозиттік базасы 15% -ға өсіп, 747,7 млрд. теңгені (6,2 млрд. $) құрады. Бөлшек сауда және корпоративтік клиенттердің депозиттер өсімі 10%  және сәйкесінше  18%-ды құрады. Осылайша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің арасындағы жеке тұлғалардың депозиттік базасының жиынтықты өсіміндегі БТА-ның үлесі бірінші жартыжылдықта 90%-дан асты, бұл тұрақтылық дәлелі болып табылады  және  Қазақстанның жүйеқұрушы қаржы институты – БТА-ға деген  сенімділікті білдіреді.

Аталған көрсеткіштер ішкі қорландыру көздерінің рөлін арттыруға бағдарланған БТА Банкінің тұрақты өсімінің ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асырудағы алғашқы  қадамдардың  бірі болып табылады. Оның аясында БТА бөлшек сауда мен корпоративтік клиенттердің қаржысын тартудағы өз үлесін арттыруды көздейді.   
Қорландырудың қосымша көзі ішкі нарық субъектілері арасында 500 млн. АҚШ доллары  сомасынан астам қуатталған облигациялардың орналастырылуы болды.
БТА сауданы және құрылымды қаржыландыру саласындағы тұрақты көшбасшы бола отырып, экономиканың нақты секторын дамытудың және қолдаудың сенімді серіктесі болып табылады. Сауданы қаржыландыру операциясының көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 1 млрд. АҚШ долларынан асты.

Несие қоржыны. Клиенттерге берілген қарыздар бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен жылға қарағанда 3,6%-ға артып,  2.465 млрд. теңгені  (20,4 млрд. $) құрады.  2008 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша БТА Қазақстан Республикасының ЕДБ арасында несиелендіру қызметін ұсынуда 27,7% үлеске ие, жеке тұлғаларды несиелендіру - 19,3%, заңды тұлғаларды несиелендіру - 31,0%.

Несие қоржынының орнын «мәжбүрлі шығынмен» толтыру 2007 жылдың соңындағы 5,4%-дан және  2007 жылдың 1 шілдесіндегі 3,6% -дан асып, 6,5%-ды құрады, бұл нарықтардың ағымдағы жай-күйін көрсетеді. Осылайша, «мәжбүрлі шығындардың» абсолютті сомасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өсті.  

Халықаралық міндеттемелер. Банк халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерін табысты орындап келеді, 2008 жылдың бірінші жартысында 560,9 млн. қарызын төледі. 2008 жылдың екінші жартысында БТА төлеуге тиісті сома 637,4 млн. доллар, бұл Банктің шоғырландырылған активтері көлемінен 2,3 пайызға аз.

Табыстылығы.  Клиенттермен жүйелі жұмыс істеуге, несие қоржыны сапасының қатаң бағасы мен шығындарды шектеуге негізделген тиімді корпоративтік басқару Банктің төлемпаздықтың әлемдік қысымына бейімделуге, Сонымен қатар «мәжбүрлі шығындардың» еселенген көлемін жасауға және есептік мерзім үшін 27.830 млн. теңге (231 млн. $) көлемінде шоғырландырылған табыс алуға   мүмкіндік берді.  
2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша RoAE 12,0%-ды, RoAA – 1,8%-ды құрады. Таза пайыздық маржа 2007 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда (5,3%) артып, 6,1 %-ды құрады.

БТА қызметі 01.07.08 күні 31,8%-ды құраған cost-to-income коэффицентінің тарихи төмен деңгейімен сипатталады.
2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы БТА-ның  жұмыс қорытындысы сыртқы  жағдайларға тұралап қалмай, қаржы жылының басында алға қойылған Банктің міндеттерін орындауға қабілетті екенін  растайды.

Сатып алу:
2008 жылдың шілдесінде Банк «БТА Банк» (Ресей) ЖШҚ-ының (бұрынғы «Славинвестбанк») қатысу үлесін  сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтады. Сатып алу  нәтижесінде  банктің «БТА Банк» (Ресей) ЖШҚ-ындағы үлесі  52,8%-ға дейін өсті. Бұл Банктің тиімді бақылауға алуына және банктің «БТА Банк» (Ресей) ЖШҚ-ын 2008 жылдың шілдесінен еншілес компаниясы ретінде қарауына мүмкіндік береді.  

БТА үшін бұл сатып алу Қазақстан мен ТМД-ның қаржы және банк нарығындағы қатаң бәсекелестікке байланысты басталған активтерді шоғырландыру үдерісін жүзеге асырудағы кезекті қадамдардың бірі болып табылады.

Бұл ТМД нарығының негізгі позициясына шығуын және Ресейде банктік қызметтер нарығының кем дегенде 2 пайызын иемденуді қарастыратын БТА жариялаған  2015 жылға дейінгі  Даму стратегиясын жүзеге асырудағы кезекті қадамдардың бірі болып табылады.

 "БТА Банкі"АҚ  - ТМД аумағындағы көшбасшы банк желілерінің бірі.

БТА стратегиялық серіктес банктері  Ресейдің 4 аймағын, Украинаны, Беларусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстан мен Түркияны қамтиды. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері жұмыс істейді.

«БТА Банкі» АҚ-ының  Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі  филиалдар желісі  (22 филиалы мен 274 бөлімшесі) бар.  Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

2008 жылы The Banker іскер журналының ұсынысы бойынша «БТА Банкі» АҚ әлемнің үздік банктері тізіміндегі 295 орыннан  173 орынға көтеріліп,  бір жыл ішінде 100 пункте өсті. 2006-2007 жылдары БТА Банкі беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген  ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша  «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ   «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe»)  атағын берді. 

БТА Банкінің 2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы мен жуырда өтетін IX Алматы банкаралық конференция туралы банктің Басқарма Төрағасы Роман Солодченко 16 қыркүйек күні өтетін баспасөз мәслихатында кеңірек әңгімелеп беретін  болады. Баспасөз мәслихатына шақыруды  қосымша жолдаймыз.

БАҚ-пен байланысу үшін:
Жанна Шамова,
«БТА Банкі» АҚ қазақтілді БАҚ-пен жұмыс бөлімінің райтері
8 (727) 266-43-64,
e-mail: shamova@ bta.kz