Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Жизнь» және «БТА Забота» компаниялары Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Әнуар Айжолов тағайындалды

17.09.2008

Директорлар Кеңесінің шешімімен БТА Банкінің «БТА Жизнь» және «БТА Забота» еншілес сақтандыру компаниялары Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Әнуар Тұрсынұлы Айжолов тағайындалды.

Аталған компаниялардан бөлек Әнуар Айжолов 2008 жылдың 18 шілдесінен бері БТА банкінің "БТА Страхование" ЕК» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы.

Сақтандыру компанияларының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде Айжолов мырза Директорлар Кеңесінің Басшыcы ретінде алдағы үш жыл ішінде БТА Банкінің барлық сақтандыру компаниялары өнімдерін ұсынатын сегменттерде жинақтайтын сыйлықақы көлемі бойынша 1-орынға шығаруды өз міндеті санайтынын мәлім етті. «Еліміздегі ірі банк тобына кіретін сақтандыру компаниялары нарықта тек бірінші орынды иемденуі тиіс. БТА Банкінің жаңа бренді мен компанияның жинақталған кәсіби тәжірибесі осындай міндеттерді жүктейді».

Әнуар Айжолов 1972 жылы туған. 1995 жылы Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік Техникалық Университетін бітіріп, 2005 жылы Ұлыбританияда «Executive MBA» дәрежесін иемденді.

Университетті тәмамдаған соң және 1998 жылға дейін жеке бизнеспен айналысты. 1998 жылдан 2001 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеді. 2002-2005 жылдары Лондондағы инвестициялық компанияны басқарды. 2005 жылдан бері Әнуар Айжолов БТА Банкінің Украинадағы өкілдігін басқарады.

2006 жылдан бері Украинаның ірі сақтандыру компаниясы НАСК «Орантаның» «Оранта-Жизнь» өмірді сақтандыру компаниясының және 2007 жылдан «БТА Банкі» АҚ-ының (Украина) Қадағалаушы Кеңесі құрамына енді.

«БТА Страхование» ЕСК» АҚ Қазақстандағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі. Компанияның меншікті капиталы - 14 961 538 000 теңге. Жиналған сыйлықақы көлемі 2007 жылы 12 165 942 000 теңгені құрады.

« БТА Банкінің БТА Забота ЕСК» АҚ медициналық сақтандыруға мамандырылған. Активтері- 2 598 159 теңге, жиналған сыйлықақылар көлемі – 840 459 000 теңге.

« БТА Банкінің «БТА Жизнь» ЕӨСҚ» АҚ өмірді сақтандыру бойынша Қазақстандағы ең ірі сақтандыру компанияларының бірі болып табылады. Компанияның активтері 7 282 915 мың теңгені құрайды, клиенттерінің саны 100 мың адамнан асады. Компанияның капиталы 2 895 850 мың теңгені құрайды, ал сақтандыру резервтері 4 212 277 мың теңге.


"БТА Банкі" АҚ ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2008 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ-ының шоғырландырылған активтері 3356 млрд. теңгеге (27,8 млрд. АҚШ долларына) жетіп, капиталы - 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. АҚШ доллары) құрады. Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша «БТА Банкі» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 27 830 млн. теңгені (231 млн. $) құрады.

«БТА Банкі» АҚ стратегиялық серіктес банктер желісі Ресейге, Украинаға, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайды. БТА-ның Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкілдіктері бар.

«БТА Банкі» АҚ-ының Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 274 бөлімшесі) бар. Сондай-ақ өзіне өзі қызмет көрсететін ірі банкоматтар желісі (160) бар, олар 1,2 млн. жеке меншік және 100 мың корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді.

2008 жылы The Banker беделді іскер журналы «БТА Банкі» АҚ-ын әлемдегі 200 үздік банктер рейтингісіне қосты. 2006-2007 жылдары БТА беделді «Итоги» қаржы басылымы жүргізген ТМД-ның жетекші қаржы сарапшыларының сауалдама қорытындысы бойынша «ТМД-дағы жылдың үздік банкі», сондай-ақ «Euromoney» халықаралық басылымының ұсынуы бойынша «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. 2007 жылы Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) БТА-ға еуразия аймағының банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.